Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Jastar X диалог алаңы аясында «Конституциялық өзгерістер және жастардың ел дамуына қосатын үлесі» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған реформаларды талқылау, сондай-ақ қоғамдық диалог институттарын дамыту және шешім қабылдау үдерістеріндегі жастардың рөлін арттыру мәселелерін қарастыру болды.
Кездесу барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова және диалог алаңының модераторы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ сарапшылар азаматтық белсенділікті арттыру және азаматтардың 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Сараптамалық кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Жалпыұлттық коалиция өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық комитеттері мен институттарының басшылары, сарапшылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтары, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
13 наурыз 2026 жыл.
✍ Балгүл Мәмен 📞 +7 775 354 36 88
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы
«Жастар» ҒЗО ЖРО әдіснамалық қамтамасыз ету
басқармасының басшысы