Жасанды интеллект білім беру саласы мен күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып келеді. Алайда жастар оны пайдалануға қаншалықты дайын және оның ықпалын қалай бағалайды?

Зерттеу нәтижелері бойынша:

62,9% жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесінде оқып-үйренудің маңыздылығын бес балдық шкала бойынша 4–5 балға бағалайды.

52,2% жасанды интеллектті оқу мен жұмыста пайдаланудың маңыздылығын бес балдық шкала бойынша 4–5 балға бағалайды.

52,3% жасанды интеллекттің болашақта білімді меңгеру сапасына ықпалын 4-5 балға бағалайды.

27,0% жасанды интеллекттің сыни ойлауды дамытуға ықпалын 3 балға бағалайды.

26,2% жасанды интеллект жасаған контентті тану қабілетін 3 балға бағалайды.

Зерттеу нәтижелері жастардың жасанды интеллекттің білім беру мен кәсіби қызметтегі маңыздылығын жалпы мойындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің сыни ойлауға ықпалы мен оның көмегімен жасалған контентті тану қабілетіне берілген бағалар көбіне орташа деңгейде. Бұл цифрлық сауаттылықты, сыни ойлауды және жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамыту қажеттігін көрсетеді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *