2026 жылғы 26 қарашада Астанада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жастар ресурстық орталықтарын (ЖРО) дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ҒЗО өкілдері, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының ЖРО басшылары қатысты.


Отырыста талқыланған негізгі мәселелер:
ЖРО қызметінің жаңа моделі: Бұқаралық іс-шаралар мен жалпы кеңес беруден бас тартып, жастардың нақты мәселелерін шешуге және өлшенетін нәтижеге бағытталған атаулы қолдау жүйесіне көшу.
Ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеу: Қызмет сапасын арттырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және тиімділікті бағалаудың жаңа тетіктерін енгізу.

Қорытындылар мен жоспарлар: 2026 жылғы жұмыстың алдын ала нәтижелері сараланып, 2027 жылға арналған басым міндеттер айқындалды.
Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері: «Жастар» ҒЗО мамандары жастардың ЖРО қызметі туралы хабардар болу деңгейі мен орталықтар жұмысына берген бағасы туралы деректерді ұсынды.

Өңірлік тәжірибе алмасу: Қостанай және Жамбыл облыстарының ЖРО басшылары өз өңірлеріндегі сәтті жобалар мен тиімді жұмыс тәжірибелерін таныстырды.
Сонымен қатар жиын барысында ЖРО мамандарының біліктілігін арттыру, кері байланыс тетіктерін жақсарту және қызметтердің барлық жастар санатына қолжетімділігін қамтамасыз ету жайы сөз болды.

Іс-шара соңында 2026 жылы Семей, Ақтөбе, Қонаев, Тараз және Петропавл қалаларында өткен Мемлекеттік жастар қызметкерлері мектебін (ШГМП) ұйымдастыруға атсалысқан өңірлік орталық өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша 2027 жылы ЖРО-ның жаңа моделін енгізу және өңірлік орталықтарға ғылыми-әдіснамалық қолдауды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.
