«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 14 пен 35 жас аралығындағы 6 146 жас арасында ауқымды онлайн-сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде жастардың ақпаратты қайдан алатынын және кімге сенім білдіретінін анықтадық.
Негізгі көрсеткіштер:
1-орын. 53,4% ресми жаңалықтар сайттарын таңдайды.
2-орын. 22,5% әлеуметтік желілерден ақпарат алады.
3-орын. 10,2% достары мен таныстарынан алады.
Ал қалған дереккөздер ше?
Теледидар мен радиоға (6,3%) деген сұраныстың төмендеуіне байланысты аутсайдер атанды. Блогерлер мен инфлюенсерлерге деген (3,5%) соқыр сенім кезеңі артта қалып, сараптамалық ақпаратқа деген сұраныс артты. Жасанды интеллекттің (0,4%) танымалдылығына қарамастан, адамдар жаңалықтарды редакторлық бақылаусыз алгоритмдерге сеніп тапсыруға әлі дайын емес. Ал сіз жаңалықтарды көбіне қай дереккөзден оқисыз? Пікіріңізбен бөлісіңіз!
