«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Мұхтарова мен директордың орынбасары Ришат Рамазанов Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілінің орынбасары Милена Харизановамен кездесті.


Кездесу барысында Найла Алтайқызы орталықтың негізгі қызмет бағыттары мен міндеттеріне тоқталып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті. Тараптар өзара ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ жастар мен балалардың әл-ауқатына бағытталған әлеуметтік бастамалар, зерттеу және талдау жұмыстары бойынша өзара тәжірибе алмасу мәселелеріне де назар аударылды.


Айта кетейік, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2012 жылдан бері мемлекеттік жастар саясаты саласында ғылыми-талдамалық, ақпараттық және консультациялық қызмет көрсетіп келеді. Орталық қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіп, ұлттық және талдамалық баяндамалар әзірлейді, әдістемелік материалдар дайындайды. Сонымен қатар жастар ресурстық орталықтарымен өзара іс-қимылды дамытуға және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *