«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» атты үш күндік оқу семинарының бесінші, яғни қорытынды кезеңін өткізді.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысуда.
Семинар-тренингтің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Ақұлан Тастемір (онлайн форматта) және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшысының орынбасары Қанат Жүсіпов қатысып, қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Олар өз сөздерінде жастармен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың, олардың қызметіне заманауи құралдар мен тәсілдерді енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.


Жобаның негізгі мақсаты — жастар саясаты саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, басқару мен жобалаудың заманауи әдістерін меңгерту, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетін дамыту және нәтижелі жұмыс істеу дағдыларын нығайту.
Үш күн бойы қатысушылар медиа және жасанды интеллект саласындағы кәсіби сарапшылар мен білікті тренерлерден білім алады. Бағдарлама жастар ресурстық орталықтарының қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолдану, жастарды сүйемелдеу, деректерге негізделген шешімдер қабылдау, өзін-өзі таныстыру және жас аудиториямен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын қамтиды.
Бүгін продюсер, медиа-менеджер, арт-менеджер, мәдениеттану магистрі, телеарна және кино продюсері, медиамаман, PR-менеджер Алпамыс Шаримов «Жастармен жұмыс жасаудағы заманауи медиа және коммуникация» тақырыбында тренинг өткізуде. Сабақ барысында жастар аудиториясымен тиімді коммуникация орнату, заманауи медиа құралдарын пайдалану және ақпараттық контентті тиімді ілгерілету мәселелеріне назар аударылды.
Практикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір тақырыптық бөлім алынған білімді бекітуге және жастармен жұмыс істеудің заманауи нысандары мен әдістерін меңгеруге бағытталған тапсырмалармен толықтырылған.
Айта кету қажет, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында республиканың барлық өңірлерінде 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық және 181-і аудандық деңгейде қызмет атқарады. Аталған орталықтар жастарға ақпараттық-консультациялық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуде.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *