МҰХТАРОВА НАЙЛА АЛТАЙҚЫЗЫ «ЖАСТАР» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2026 жылғы 28 тамыздан бастап Мұхтарова Найла Алтайқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылымизерттеу орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

Найла Алтайқызы 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Мемлекеттік басқару мамандығы бойынша Принстон университетінің магистратурасына түскен алғашқы қазақ қызы, саясаттанушы, демограф. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторлығына кандидат. Ұлыбританиядағы John Smith Trust және «Болашақ» бағдарламасының (Карлов университеті, Чехия) түлегі.

Жалпы еңбек өтілі — 14 жыл. Оның ішінде орталық мемлекеттік және өңірлік деңгейде түрлі басшылық қызметтер атқарған. ҚР Статистика агенттігінің, Ұлттық экономика министрлігінің басқарма басшысы, «Атамекен» ҰКП департаментінің директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры, Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болған.

Сонымен қатар «Талдау» аналитикалық мектебінің түлегі. Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *