«Jastar Research Hub» жас сарапшылар акселераторына өтінім қабылдау басталды
📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 4 мамыр – 4 маусым
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Jastar Research Hub» жобасының іске қосылғанын хабарлайды. Бұл жоба жастардың аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жоба жас сарапшылардың кәсіби дамуына жағдай жасап, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және кадрлық резервті нығайтуға бағытталған.
🎯 Жобаның мақсаты
Магистратура және докторантура студенттерінің аналитикалық қабілеттерін дамыту және мемлекеттік саясатқа ұсыныстар әзірлей алатын сарапшылар пулын қалыптастыру.
📌 Негізгі міндеттер
- жаңа буын жас сарапшыларды қалыптастыру;
- аналитикалық және зерттеу дағдыларын дамыту;
- зерттеу нәтижелерін медиада ілгерілету;
- мемлекеттік органдар жұмысына тарту;
- сараптамалық алаңдарға қатысу.
👥 Қатысушылар
Магистратура және докторантура студенттері қатыса алады.
📚 Бағдарлама кезеңдері
- 20 қатысушыны іріктеу;
- Мемлекеттік басқару академиясында оқыту (2026 жылғы 15–19 маусым);
- аналитикалық жұмыстарды әзірлеу және қорғау;
- сертификаттар беру.
🚀 Қатысушыларға мүмкіндіктер
- жұмыстарды БАҚ-та жариялау;
- ұсыныстарды мемлекеттік органдарға жолдау;
- кадрлық резервке қосылу;
- жұмысқа орналасуға қолдау;
- аналитикалық жобаларға қатысу.
🧠 Зерттеу бағыттары
- жастар саясаты;
- цифрлық технологиялар және ЖИ;
- мемлекеттік басқару;
- креативті индустриялар;
- өңірлік саясат.
