«Қазақстан жастары» социологиялық зерттеуінің нәтижелері бойынша жастар үшін ең басты құндылықтар — отбасы мен денсаулық.
Респонденттердің 68,8%-ы ата-ананы ең маңызды құндылық ретінде атап өтсе, 44,5%-ы денсаулықты, ал 34%-ы жұбайы мен балалары бар отбасын таңдаған.
Сонымен қатар жастар достықты, материалдық тұрақтылықты, дін мен сенімді, мансапты, білімді, махаббат пен жан тыныштығын жоғары бағалайды.
Зерттеу нәтижелері қазіргі жастардың тек жеке жетістікке ғана емес, жақындарымен қарым-қатынасқа, ішкі үйлесім мен тұрақтылыққа да ерекше мән беретінін көрсетеді.
📊 Зерттеу жастардың құндылықтық бағдарларын анықтау мақсатында «Jastar» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жүргізілді.