Бірінші орында – азаматтық.

Сауалнамаға қатысқан жастардың 36,8%-ы үшін дәл осы азаматтық өзін-өзі сәйкестендіру өте маңызды болып табылады.
Екінші орында – этникалық тегі (13,1%), одан кейін жынысы (12,8%) тұр.
Сонымен қатар, жастар арасындағы маңызды белгілер:
Дін – 9,0%
Жас тобы – 7,8%
Руы – 7,2%
Қаласы – 2,7%
Оқыған оқу орны – 1,7%
Облысы – 1,4%
Ауданы, ауылы, кенті және т.б. – 0,9%
Бұл ретте респонденттердің 6,4%-ы жауап беруге қиналды.
