19-21 тамыз күндері Тараз қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өңірлік жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған «Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің» жыл сайынғы дәстүрлі үш күндік оқыту семинар-тренингін өтуде.


Жобаның негізгі мақсаты – жастар саясаты саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, заманауи басқару және жобалау тәсілдерін меңгерту арқылы олардың тиімді шешім қабылдау қабілетін күшейту, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетін дамыту және нәтижелі жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Бағдарламаның алғашқы кезеңінде қатысушылар медиа және жасанды интеллект саласындағы кәсіби сарапшылар мен білікті тренерлерден білім алды. Үш күндік оқыту барысында жастар ресурстық орталықтарының қызметінде жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді қолдану, жастарды сүйемелдеу, деректерге негізделген шешім қабылдау, өзін-өзі сенімді таныстыру және жас аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу тақырыптары қамтылған.

Оқыту семинар-тренингі қатысушыларға білім беру үдерісіне белсенді қатысуға, жастармен жұмыс жүргізудің заманауи қағидаттары мен тәжірибелерін, сондай-ақ жұмыс нысандары мен әдістерін жан-жақты меңгеруге мүмкіндік береді. Әрбір тренинг теориялық білімді бекітуге бағытталған практикалық бөліммен толықтырылады.


Айта кету қажет, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында республиканың барлық өңірлерінде 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық және 181-і аудандық деңгейде қызмет атқарады. Аталған орталықтар жастарға ақпараттық-консультациялық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуде.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *