1 сәуір күні Қазмедиа орталығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған «Кәсіби даму академиясының» дәстүрлі үш күндік оқыту семинар-тренингін бастады. Кәсіби даму академиясының мақсаты мен міндеті – жастар саясаты саласындағы басшылардың заман талабына сай көшбасшылық және басқарушылық дағдыларын дамыту, жұмыс процесіне жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды енгізу, дағдарыстық коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жетілдіру, сондай-ақ жобалық және инклюзивті тәсілдерді дамыту арқылы олардың біліктілігін арттыру. Семинар-тренинг екі кезеңнен тұрады: алғашқы кезеңі а.ж. сәуір айында өтсе, екінші кезеңі қазан айына жоспарланған. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде қатысушылар медиа және жасанды интеллект саласындағы кәсіби мамандар мен білікті жаттықтырушылардан білім алады. Оқу барысында мемлекеттік аппаратта және жастармен жұмыс процесінде жасанды интеллектті қолдану, көпшілік алдында сөйлеу, дағдарыс коммуникациялары, әлеуметтік желілердің рөлі және практикалық мобилография бойынша дағдылар меңгеріледі. Сондай-ақ қатысушылар Қазмедиа орталығының жұмысымен танысып, экскурсия барысында редакторлар мен жүргізушілерден тәжірибелік білім алады, тікелей эфир студияларының, радио және БАҚ өндірісінің қызметімен танысады. Жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін жастарға сапалы қызмет көрсету, әлеуметтік желілерде тиімді позициялану, серіктестермен өзара іс-қимылды нығайту және жанжалды жағдайларды тиімді реттеу бағытындағы заманауи құзыреттерді тұрақты түрде дамыту аса маңызды. Осыған байланысты кадрлық құрамның тұрақты жаңаруын ескере отырып, біліктілікті арттыру мәселесі Жастар ресурстық орталықтарының барлық тармақталған желісі үшін өзекті болып қала береді. Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында республиканың барлық өңірлерінде 235 Жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық, ал 181-і аудандық деңгейде қызмет атқарады. Аталған орталықтар жастарға ақпараттық-консультациялық, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Жалпы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кәсіби даму академиясы» жобасын 2021 жылдан бастап іске асыруда

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *