«Жастар» ҒЗО туралы
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – қазіргі қазақстандық жастардың жағдайын зерттейтін бірегей орталық. Орталық бұрын беймәлім болған тенденцияларды анықтау мақсатында жастар және жастар саясаты саласында терең зерттеулер жүргізеді.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі бағыттары:
- жастардың жас ерекшелігіне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтанулық өлшемдер жүргізу;
- жастар арасындағы мемлекеттік басымдықтарды жаңарту;
- жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын моделдеу;
- мүдделі мемлекеттік органдардың сектораралық өзара іс-қимылын әдістемелік қолдау;
- мемлекеттік жастар саясатына қатысушылардың компетенция деңгейін арттыру.
Ғылыми-зерттеу орталығының бренді – «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы. Өзінің бүкіл жұмыс кезеңінде орталық 10 ұлттық баяндама дайындап шығарды, оған жастар өмірінің келесі салалары кіреді:
- жастардың демографиялық сипаттамасы;
- жастардың денсаулығы және бос уақыты;
- жастар өміріндегі білім мен ғылымның орны;
- жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
- қазіргі заманғы жастардың құндылық бағдары мен мүддесі;
- жастар қоғамдық және саяси процестерде;
- жастар арасындағы қылмыс;
- жастар саясаты мемлекеттің тұрақты дамуының факторы ретінде және т.с.с.
Ұлттық баяндама – сарапшылар мен барлық деңгейдегі әртүрлі саланың өкілдері арасындағы күрделі жұмыс пен өзара әрекеттің нәтижесі.
Қазіргі уақытта «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының құрылымында келесі бөлімшелер жұмыс істейді:
- Талдау және коммуникация басқармасы;
- Әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасы;
- Жастар ресурстық орталықтарын әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасы;
- Ұйымдастыру-қаржы басқармасы.