«Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасы

«Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасы

Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2021»

«Қазақстан жастары – 2021» ұлттық баяндамасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды. Ағымдағы жылы тоғызыншы рет жарық көретін жыл сайынғы баяндама Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мәнмәтінінде қаралды.

 Баяндамада демография, денсаулық, білім және ғылым, экономикалық мінез-құлық, азаматтық және саяси қатысу, құндылық ұстанымдары сияқты жастар дамуының маңызды әлеуметтік параметрлері зерттелді. Қазіргі жастардың трендтері мен сұраныстарын анықтау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпағының портреті» мен Тәуелсіздік жетістіктері жөніндегі «Жастардың көзқарасы» сияқты арнайы бөлімдер ұсынылды.

 Ұлттық баяндаманы дайындауда мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының өзекті статистикалық және талдамалық деректері пайдаланылды. Сондай-ақ жастардың әлеуметтік көңіл-күйін талдау кезінде 2021 жылы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері қолданылды.

«Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздікке – 30 жыл» ұлттық баяндамасы жастар ортасындағы қазіргі жағдайды зерделеуге және жастар саясатын практикалық іске асыруға мүдделі барлық тарапқа арналған.

11.04.2022 431

Тізімге оралу