"Қазақстан жастары - 2017" ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды.
Ұлттық баяндамада жастардың әлеуметтік-демографиялық портреті, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының жай-күйіне талдау жасалды.
Баяндамада әлеуметтанулық зерттеулердің, мемлекеттік органдардың ресми статистикалық мәліметтері, жастар ұйымдары деректерінің негізінде қазақстандық жастардың әлеуметтік, саяси салалардағы, білім және ғылым, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және бос уақытты өткізу, дін, құқық бұзушылық жағдайына егжей-тегжейлі талдау жасалынып, сонымен қатар жастар саясатын жетілдіруге арналған ұсыныстар беріледі.
Ұлттық баяндама республикалық және өңірлік деңгейде жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдарға, қоғамдық және жастар ұйымдарына, оқу орнындарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға мүдделі барлық адамдар мен ұйымдарға арналған.