Жастарға арналған мүмкіндіктер
Волонтёрлік және экомәдениет
Не үшін қалдықтарды бөлу керек?

Не үшін қалдықтарды бөлу керек?

Не үшін қалдықтарды бөлу керек?

Сұрыпталмаған қоқыс полигондарда көп жылдар бойы шіріп жатуы келесілерге алып келуі мүмкін:

  • жер мен мұхиттарды ластау;
  • туған өлкенің экожүйелерін бұзу.

Қалдықтарды (қоқыстарды) сұрыптау оны ресурсқа айналдыруға көмектеседі:

  • заттар немесе энергия жасау;
  • қоқыс орындарының (свалка) санын азайту.

Құқықтық негіз. Қазақстанның қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясаты Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада айқындалған және қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуге, инвестицияларды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы тарта отырып, қайталама шикізаттан өнім ала отырып, қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамытуға бағытталған. Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуі тиіс.

Үй қалдықтарын бөлу бойынша ұсыныстар

Неден бастау керек?

Үйде қоқысты үш бөлікке бөлуге болады:

  • электрондық қоқыс: жұмыс істемейтін батарейкаларлар, сынған техника және басқалар;
  • қайта өңдеуге: қағаз, пластик, шыны және алюминий.
  • қалғанның бәрі: қауіпті қалдықтар, термометрлер және т. б.

Қайта өңдеуге тапсырар алдында ыдысты жуу және заттаңбаларды алу қажет пе?

Контейнерді өңдеуге жіберу үшін зарарсыздандыруға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Бірақ бөтелкені немесе контейнерді тамақ қалдықтарынан қарапайым сумен шаю маңызды. Бұл қайта өңдеуге арналған басқа контейнерлердің одан әрі ластануын болдырмауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өңдеудің кірістілігі артып, сұрыптаушылардың ауыр жұмысы жеңілдейді.

Пластикалық бөтелке қақпақтарымен не істеу керек?

Экологиялық жобаларды іске асыру аясында пластикалық қақпақтарды бүкіл Қазақстан бойынша қабылдау пункттеріне тапсыру мүмкіндігі бар. Элементтер (қақпақтар) қайта өңдеу зауыттарына сатылады, ал түскен ақша түрлі қорларға жіберіледі.

Жобаларға пайдалы сілтеме:
https://qazvolunteer.kz/kk/projects?region_id=&city_or_village=&direction_id%5B%5D=3&date_started_at=&date_finished_at=

1575

Возврат к списку