Жастарға арналған мүмкіндіктер
Қаржылық сауат
Банкте шотты қалай ашуға болады?

Банкте шотты қалай ашуға болады?

Банкте шотты қалай ашуға болады?

Шотты қалай ашуға болады?

  1. Шоттың қандай мақсатқа қажет екенін анықтау қажет. Жеке тұлға ретінде, Сіз Ұлттық банктен басқа Қазақстан Республикасының кез-келген банктерінде шексіз көлемде шоттар аша аласыз.
  2. Сіз келесілерді аша аласыз:
    • ағымдағы шоттар – әдетте ақша сақтау және аудару үшін, сондай-ақ карта операцияларын жасау үшін пайдаланылады;
    • жинақ ақша шоттары – ақша сақталатын депозиттер, оларға пайыздар есептеледі.

Шоттарды теңгемен де, шетел валютасымен де ашуға және жүргізуге болады.

Шот ашқан кезде банк жеке сәйкестендірме кодын (ЖСК) береді, ол банк клиентінің банк шотындағы 20 таңбалы нөмір болып табылады.

Шотты ашу үшін қажетті құжаттар?

ҚР резиденттері жеке басын куәландыратын құжатын ұсынса жеткілікті болады. Бейрезиденттер сондай-ақ бейрезиденттің салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесін ұсынуы тиіс. Аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін банк менеджері Шарт рәсімдейді және онда ақшаны сақтаудың, қайтарудың барлық шарттары, банк комиссияларының мөлшері, шартты тоқтату және бұзу тәртібі сипатталуы тиіс. Шартқа қол қоймастан бұрын барлық шарттарымен мұқият танысып шығыңыз.

Пайдалы сілтемелер

ҚР Екінші деңгейдегі банктерінің байланыстары: https://egov.kz/cms/kk/articles/banks

1602

Возврат к списку