Жастарға арналған мүмкіндіктер
Отбасы
Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) квотасын қалай алуға болады?

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) квотасын қалай алуға болады?

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) квотасын қалай алуға болады?

Дәрігерлер бедеулікті медициналық мәселемен ғана емес, әлеуметтік мәселелермен де байланыстырады. ЭКҰ- ерлі-зайыптылардың бедеулігі кезінде қолданылатын репродуктивті технологиялардың бірі.

Елімізде келесі қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) қолданылады:

  • экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ);
  • суррогат ана болу;
  • донорлық жасушаларды қолдану;
  • аналық жасушаға сперматозоидтарды интрацитоплазмалық енгізу (АЖСИПЕ)
  • жатырішілк инсеминация (ЖИ);
  • жыныс жасушаларының криоконсервациясы (қатыру және сақтау);
  • эмбрионды имплантациялаудың генетикалық диагностикасы (ЭИГД);
  • еркектерден сперматозоид жинауға арналған TESA әдісі.

Бұл тұжырымдама классикалық тұжырымдамадан ерекшеленеді, ол ананың денесінен тыс жерде болады. Ана мен әкеден қажетті генетикалық материал алынады. Зертханалық жағдайда жұмыртқалар ұрықтандырылады, содан кейін эмбрион арнайы инкубаторға беріледі. Егер даму қалыпты болса, онда әйелдің жатырына салу үшін бірнеше эмбрион таңдалады. ЭКҰ-ға квотаны кім ала алады - біз осы материалда айтамыз.

Сонымен қатар, пациенттің еркімен ЭКҰ жеке клиникаларда ақылы түрде жүзеге асырылады және бағасы жеке клиникалармен қойылады.

Квотаға кім өтініш бере алады?

ВРТ рәсімін жүргізуге Қазақстанның барлық азаматтарының, оның ішінде көрсеткіштер болған және есірткі мен алкогольге тәуелділіктің, жүктілікке және босануға қарсы көрсеткіштер болып табылатын соматикалық және психикалық аурулардың болмауы кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқығы бар.

МӘМС жүйесінде ҚРТ-ны пайдалана отырып рәсімді жүргізу үшін іріктеу критерийлері  жиынтығында мынадай факторлар бар:

  1. Кемінде 2 факторының болуымен сипатталатын қанағаттанарлық овариалдық резерв:
  • АМГ 1,0 нг/мл-ден артық, ФСГ 12 ММД/мл-ден кем, әрбір аналық безде 3-тен кем емес антральды фолликулалардың саны немесе 5-6 антральды фолликулалар, жалғыз аналық без болған жағдайда;
  1. Жүктіліктің басталу нәтижелілігін төмендету факторларының болмауы (имплантация мен жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін ішкі жыныс мүшелерінің даму ауытқулары, гидро (сактосальпингтер), 3-4 дәрежелі жатыр қуысының синехиясы , аналық без кисталары ,нобтурациялық азооспермия);
  2. Ерлер факторына байланысты бедеулік.

Бедеулік болған жағдайда пациент тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына (диспансерлік науқастардың тіркелімі - ДНЭТ) есепке қойылуы тиіс және тексеру нәтижелерін алғаннан кейін бір мезгілде МӘМС жүйесінде ИҰ орындайтын ұйымдарға репродуктологтың консультациясына жіберіледі. МӘМС жүйесінде жасанды ұрықтандыруды (бұдан әрі – ЖҰ) жүргізу үшін ұйымды таңдауды пациент жүзеге асырады. Репродуктолог ерлі-зайыптыларға қосымша тексеру жүргізеді (3 айдан аспайды) (бедеуліктің себебін неғұрлым дәл анықтау және емдеу әдісін таңдау қажет болған жағдайда). Қарсы көрсетілімдер болмаған және іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келген кезде МӘМС жүйесінде ИҰ рәсімін жүргізу мүмкіндігі туралы комиссиялық қорытынды беріледі.

Қандай клиникалар ЭКҰ процедурасына квоталар ұсынады?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар (ҚРТ) қызметін еліміздің 8 қаласындағы 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке меншік медициналық ұйым) ұсынады:
  • «University Medical Center» ҚҚ
  • «Акушерлік, гинекология және перинатология оқу орталығы» АҚ
  • «Облыстық перинаталдық орталық» Ақтөбе облысының Денсаулық басқармасы ШЖҚ МКК
  • «Экомед-Атырау» ЖШС
  • «Ақжан» ЖШС
  • «Неке және отбасы» медициналық орталығы ЖШС
  • «Облыстық репродукциялық медицина орталығы» ЖШС
  • «Репродуктивті медицина институты» ЖШС,
  •   «Private clinic Almaty» ЖШС\ «Приват клиник Алматы» 
  • «ЭКО» орталығы» ЖШС
  • «PERSONA» Халықаралық Репродуктология Клиникалық Орталығы» ЖШС
  • «АМD» клиникасы» ЖШС
  • «Экомед» фирмасы» ЖШС
  • «Нұрай» ЖШС «ЭКҰ» Клиник»
  • «Экомед-Шымкент» ЖШС
  • «Доктор ТАРАРАКТЫҢ ЭКҰ орталығы» ЖШС
  • «Астана Эколайф» ЖШС
  • «Геном Астана» ЖШС
  • Экомед Плюс» ЖШС

ВРТ жүргізетін әрбір клиникада сайт және баға, статистика туралы ресми мәліметтер бар және кеңес алуға ашық.

Науқас ақпаратпен дербес танысып, клиниканы таңдау туралы шешім қабылдай алады.

Квота алуға өтініш беру тәртібі

Егер, ЭКҰ-ға квота алуға көрсеткіштер бар болса, Сіздің тіркелген медициналық ұйымыңыз (одан әрі-МҰ) деңгейінде әрекеттеріңіз мынадай болуы керек:
  • Тұрғылықты мекен жайы бойынша емхананың әйелдер консультациясы бөліміне барып кезекке тіркелу
  • Әйелдер консультациясы бөлімінен репродукция клиникасына және репродуктологтың кеңесіне жолдама алу. 
  • Репродукция клиникасында одан әрі қаралу үшін репродуктологтан консультация алу.
  • Тиімді болу үшін екі серіктес те репродуктологтың кабинетіне баруы керек.
  • Қарсы көрсетілімдер жоқ болса – дәрігерлік комиссияны өту.
  • ЭКҰ процедурасын өткізуге келісім алу үшін, ЭКҰ клиникасында комиссиядан өту.
  • Квота алуға кезекке тұру үшін комиссия өту барысында алынған хаттаманы әйелдер консультациясы бөліміне әкеліп беру.
  • Квота алу.
  • Клиника репродуктологымен  ЭКҰ күні мен порталға тіркелу туралы келісу.
  • ЭКҰ бағдарламасына репродуктологтың барлық ұсыныстары мен талаптарын орындау арқылы кіру.
  • МӘМС жүйесінде жасанды ұрықтандыру және ICSI (интрацитоплазматикалық сперматозид инъекциясы) жүргізу, кейінге қалдырылған тасымалдар жағдайларында криоконсервіленген эмбриондарды көшіруді қоспағанда, жыл ішінде бір рет беріледі.
Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/kk/articles/health_care/eco
3025

Возврат к списку