Жастарға арналған мүмкіндіктер
Жұмысқа орналасу
Еңбек шарты қалай жасалады?

Еңбек шарты қалай жасалады?

Еңбек шарты қалай жасалады?

Құқықтық негіз

ҚР Еңбек Кодексі: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34838929#activate_doc=2

Неше жастан бастап еңбек шартын жасасуға болады?

16 жастан бастап

Еңбек шартын жасасу рәсімі

  1. Бірінші қадам жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тіркеу, яғни еңбек шартын жасасу болады.
  2. Білу маңызды:
    Еңбек шарты - бұл жұмыс беруші мен кандидат арасындағы жазбаша келісім, оған сәйкес жұмыс беруші қызметкерге белгілі бір жұмыс беруге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және жалақыны уақтылы толық төлеуге міндеттенеді, ал қызметкер бұл жұмысты орындауға және ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға міндеттенеді.
  3. Еңбек шарты (ТД) екі данада жасалады, олардың әрқайсысына екі тарап қол қояды. Бір данасы Сізге беріледі, екіншісі жұмыс берушіде сақталады.

Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар

  • жеке куәлік немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік);
  • тұруға рұқсат хат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін;
  • тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін).
    *Еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Еңбек шартыңыз бойынша негізгі құқықтар

  • демалу құқығы (жұмыс күні ішіндегі үзіліс, демалыс және мереке күндері);
  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық;
  • жүктілігі және босануы бойынша ақылы демалысқа, 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша еңбекақы сақталмайтын демалысқа құқық;
  • уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыға құқығы (ауырған жағдайда);
  • жұмыс берушіні кемінде 1 ай бұрын жазбаша ескерту арқылы еңбек шартын бұзу құқығы;
  • қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда өтемақы төлемдеріне құқық.
2907

Возврат к списку