Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
Университетке қалай түсуге болады?

Университетке қалай түсуге болады?

Университетке қалай түсуге болады?

ЖОО-ға түсу кезінде нені білу қажет

Қазақстадағы ЖОО-ның рейтингі

Қазақстан Республикасында филиалдарды есепке алғанда 129 жоғары оқу орны жұмыс істейді.

Пайдалы сілтеме: Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі: https://atameken.kz/kk/university_ratings

Қазақстандағы ЖОО-ға түсудің негізгі қағидалары

Университетке түсу үшін талапкерге мыналар қажет:

  • аттестат растайтын толық орта білімі болуы тиіс;
  • орта арнайы білімі болуы керек (мысалы, колледжді бітіру);
  • бұрын алған жоғары біліміңіз де жарайды.

Пайдалы сілтеме: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650

ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды тапсыру тәсілдері

Офлайн

ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы қабылдау туралы өтінішті беру

Ол үшін сізге келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) орта білім, бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • 3х4 см өлшемдегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама (тіркелген жеріндегі емханада немесе басқа медициналық ұйымда берілген);
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;
  • білім грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және жоғары оқу орнына оқуға қабылдау туралы бұйрық.

Онлайн

egov.kz сайт арқылы қабылдау туралы өтінішті беру

Egov.kz порталы арқылы қабылдауға өтініш беру үшін келесілер қажет:

  • ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  • авторландырылу және өтініш беру.

Жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтінішке келесідей құжаттардың скан-көшірмелерін қоса тіркеу:

  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • 3х4 см өлшемдегі сандық фотосурет.

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы жоғары оқу орнына қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу.

Құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін ЖОО-ға қабылдау үшін келесі құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет (ЖОО өзі анықтаған мерзімде):

  • ұйым басшысының атына қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • 3x4 см өлшемдегі 6 фотосурет;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты, сондай-ақ білім грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда). Құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетілген қолхаттың берілуі – құжаттарды қабылдаудың растамасы болып табылады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат және жоғары оқу орнына оқуға қабылдау туралы бұйрық.

Сайт бөліміне жылдам кіру сілтемесі: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_pryem1

3247

Возврат к списку