Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
Әскери кафедраға қалай түсуге болады?

Әскери кафедраға қалай түсуге болады?

Әскери кафедраға қалай түсуге болады?

ЖОО жанындағы әскери кафедраға түсу рәсімі

Негізгі талаптар

Әскери кафедрадан ерікті негізде өтуге болады. Әскери кафедраға конкурс өткізу жылына 24 жастан аспаған, соттылығы жоқ күндізгі оқу нысаны бойынша ғана оқитын студенттер түсе алады

Іріктеу қалай жүргізіледі

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес іріктеу жылының 1-20 тамыз аралығындағы кезеңде жыл сайын конкурс негізінде жүргізіледі

Құжаттарды қабылдаудың мерзімі

Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады

Конкурстық іріктеу кезеңдері

1 кезең. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11846 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы Ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;

2 кезең. Кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу.

3 кезең. Дене дайындығын тексеру.

4 кезең. ҚР ҚМ келісімі бойынша ЖОО басшысы жасайтын және бекітетін рейтингтік балдың есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Білу маңызды!
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі. Әскери даярлық ЖОО-да оқуды аяқтағанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіптік практикамен) аяқталады.

Қажетті құжаттар

  • Өтініш;
  • Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
  • 3х4 см көлеміндегі 2 фотосурет;;
  • Балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болса), немесе қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  • Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);
  • Факультет деканы қол қойған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама.

Берілетін әскери атақ

Әскери даярлықтың толық курсынан өткеннен, емтихан тапсырғаннан, оқу жиындарынан өткеннен және жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом алғаннан кейін Сізге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі. Бұл деректер әскери кафедра аяқталғаннан кейін алатын әскери билетте көрсетілген.

ҚР жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы қосымша ақпаратты мына жерден біле аласыз: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/senior_devision

3107

Возврат к списку