Жастарға арналған мүмкіндіктер
Білім алу
Магистратураға грантқа қалай түсуге болады?

Магистратураға грантқа қалай түсуге болады?

Магистратураға грантқа қалай түсуге болады?

Кім түсе алады?

Бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнын бітірген тұлғалар Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсе алады

Магистратурада оқу жүзеге асырылады

  1. Тегін негізде - мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша;
  2. Ақылы негізде.

Білу маңызды! Қазақстан азаматтары грант бойынша магистратураға тек бір рет қана түсе алады, яғни екінші магистрлік оқу тек ақылы болады. Шетел азаматтары оқуға түсе алады:

  • ақылы негізде;
  • Тегін - Халықаралық келісім бойынша.

Құжаттарды қабылдаудың мерзімі

  1. Мамандықтары бар хабарландырулар құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.
  2. Магистратураға түсуге қажетті құжаттар мен өтініштерді қабылдау *10-30 шілде аралығында магистрлерді даярлау жүргізілетін жоғары оқу орындарында (ЖОО) жүзеге асырылады.

*Мерзімі туралы жыл сайынғы өзекті ақпаратты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясынан нақтылау қажет.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының байланыстарын мына жерден көре аласыз: https://egov.kz/cms/kz/articles/2Fvusi_rk

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар

Магистратураға түсуші тұлғалар қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • ЖОО (ұйым) басшысының атына өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
  • шет тілі бойынша тестілеу тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
  • еңбек қызметін растайтын құжат және кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (еңбек өтілі болған жағдайда);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда);
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • 6 фотосурет-3х4 см. Құжаттардың көшірмелерінен басқа салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқаларын да ұсыну қажет. Салыстырғаннан кейін құжаттар қайтарылады.

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

Магистратураға және резидентураға түсу емтихандары *10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Оқуға түскен адамдар екі емтихан тапсыруы тиіс:

  • шет тілін таңдау бойынша;
  • мамандығы бойынша.

Шет тілі тесті ағылшын, неміс немесе француз тілдерінде өткізіледі. Халықаралық сертификаттары бар тұлғалар шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

*Мерзімі туралы жыл сайынғы өзекті ақпаратты жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясынан нақтылау қажет.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының байланыстарын мына жерден көре аласыз: https://egov.kz/cms/kz/articles/2Fvusi_rk

Қабылдау процесі

  1. Магистранттар қатарына қабылдау, Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
  2. Грант бойынша оқуға магистратураға түсу емтихандарының балдары сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
    • бейіндік магистратура үшін кемінде 130 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 30 балл болу керек;
    • ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде 150 балл болу керек.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері

  1. Офлайн (қолма-қол):
    ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы оқуға қабылдауға өтініш беру.
  2. Онлайн
    egov.kz сайт арқылы қабылдауға өтініш беру.
    Сайт бөліміне жылдам кіру сілтемесі:
    https://egov.kz/cms/kz/services/higher_education/193pass_mon

Магистратураға түсудің басқа мүмкіндіктері

Халықаралық стипендияны тағайындауға арналған «Болашақ» бағдарламасы
(магистратура және докторантура)

«Болашақ» Халықаралық стипендиясын тағайындау сайысына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары:
https://bolashak.gov.kz/wp-content/uploads/images/Pretendentu/rules/%D0%9F%D0%98-46009-template_application_kz_1.pdf

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы құқық академиясы
(құқық саласындағы мемлекеттік қызметшілерге арналған магистратура және докторонтура)

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау Ережесі:
https://academy.sud.kz/kz/content/pravila-priema-0

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы
(мемлекеттік қызметшілерге арналған магистратура және докторантура)

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау Ережесі:
https://www.apa.kz/kz/magistratura/

43027

Возврат к списку