Жаңалықтар
NEET жастарының санын анықтау алгоритмі таныстырылды

NEET жастарының санын анықтау алгоритмі таныстырылды

Презентован алгоритм расчета и выявления количества молодежи NEET

NEET жастарының санын анықтау алгоритмі таныстырылды

Нұр-Сұлтан қаласында Жастар ресурстық орталықтары алқасының аясында NEET санатындағы жастарды есептеу мен анықтаудың жаңа алгоритмі таныстырылды, сондай-ақ жұмыстың алдын ала қорытындылары шығарылып, алдағы жылға жоспарлар айқындалды.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметімен танысып, тікелей байланыс арқылы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңға ЖРО міндеттерін нақтылау және «жастармен жұмыс жөніндегі маман» ұғымын бекіту жөніндегі өзгерістер туралы тоқталып өтті.

«ЖРО-ның негізгі міндеті жастармен, әсіресе оның осал топтарымен жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізу болуы тиіс. Ол үшін жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде бейресми білім беру, консультациялық қолдау, жастар мәселелерін шешуге бағытталған жобалар, жұмысқа орналасуға көмек, қоғамдық пайдалы қызметке тарту және басқа да түрлі әдістерді қолдану қажет», - деп атап өтті Асқар Қуанышұлы.

Іс-шара барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев Қазақстандағы NEET жастарының санын анықтау мен айқындаудың жаңа алгоритмін таныстырды.

Атап айтқанда, ол тиімді және нақты жұмыс істеу үшін NEET санатындағы жастардың өңірлік электрондық деректер қорын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Аян Қажимерұлы «Жастар» ҒЗО әдістемелік көмек шеңберінде ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен Жастармен жұмыс бойынша ЖРО үздік тәжірибелерінің жинағы дайындалғанын хабарлады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҮЕҰ жастар ұйымдарының қызметкерлері де ЖРО қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, онлайн және офлайн режимде өтті.

08.11.2021

Возврат к списку