Жаңалықтар
«ProInfo» үш күндік онлайн тренинг-семинары басталды

«ProInfo» үш күндік онлайн тренинг-семинары басталды

Начался трехдневный онлайн семинар-тренинг «ProInfo»

«ProInfo» үш күндік онлайн тренинг-семинары басталды

Бүгін Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында облыстық жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметкерлеріне арналған «ProInfo» үш күндік онлайн тренинг-семинары басталды. Ұйымдастырушылар – ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті және «Жастар» ҒЗО.

Тренингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар саясаты саласында ЖРО қызметі туралы ақпараттық материалды сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету. Семинар-тренингтің қатысушылары ақпараттық материалдарды жасаудың негізгі критерийлері туралы, әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің соңғы тенденциялары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ eljastary.kz интернет-ресурсы туралы біледі.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі – бұл ЖРО мамандарының біліктілігін арттыруға және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған арнайы білім беру бағдарламасы.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің бағдарламасы мынадай бағыттар бойынша жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі – ЖРО) басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған:

1) мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдаудың сапасын арттыру;

2) NEET санатындағы жастарды есептеу, анықтау және олармен жұмыс істеу әдістемесін нақтылау;

3) жастар ресурстық орталығының жұмыс бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

4) Жастар орталықтары үшін сапа белгісінің өлшемдеріне сәйкес жастар ресурстық орталықтарының қызмет сапасын арттыру.

Осылайша, Мектептің бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы қаңтардың 15-інде жастар саясатын жетілдіру туралы тапсырмасын сапалы түрде іске асырып, осал жастар топтарын дамытуға баса назар аудара, ЖРО қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

21.04.2021

Возврат к списку