Жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау жөнінде жоба басталды

Жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау жөнінде жоба басталды

Стартовал проект по сохранению репродуктивного здоровья молодежи

Жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау жөнінде жоба басталды

Бүгін онлайн форматта «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасының басталуына арналған брифинг өтті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас, «JANYM» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Наталья Клюжина қатысты.

Ш. Байманов жасөспірімдердің репродуктивті денсаулықтарын қорғау маңыздылығы мен іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттар туралы айтып өтті.

Жоба аясында Қазақстанның 17 өңірінде, оның ішінде ауылдық жерлерде, білім беру ұйымдарында онлайн-кездесулер, сенім телефоны консультанттары үшін оқыту тренингтер ұйымдастыру, медицина қызметкерлерінің жедел желі телефоны арқылы жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу, контрацепция әдістері, жыныстық жолмен берілетін аурулар, бала емізу, босанғаннан кейін қалыпқа келу мәселелері бойынша білікті консультациялар өткізу, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жобаны ҚР АҚДМ тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы шеңберінде «JANYM» қоғамдық бірлестігі іске асырады. 

20.04.2021 89

Возврат к списку