Әдістемелік құралдар
«Кәсіби және өмірлік дағдыларға оқыту бағдарламасы» әдістемелік құралы, 2021

«Кәсіби және өмірлік дағдыларға оқыту бағдарламасы» әдістемелік құралы, 2021

Методический материал «Программа обучения профессиональным и жизненным навыкам», 2021

Кәсіби және өмірлік дағдыларды оқыту бағдарламасы «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының тапсырысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру шараларын әзірлеу және іске асыру» гранты аясында әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасуына және зияткерлік, спорттық және шығармашылық әлеуетін іске асыруға ықпал ететін дағдыларын дамыту бойынша менторлық сүйемелдеуге оқыту. Бағдарлама еңбек нарығына бейімделу және «жұмсақ дағдыларды» игеру мақсатында, ментордың қолдауымен, NEET санатындағы жас қатысушы өтуге тиіс 21 күндік марафон түрінде ұсынылған. Бағдарлама жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, жастар үкіметтік емес ұйымдары мен әлеуметтік қызметтер жұмыскерлері, NEET санатындағы жастарды дамыту мәселелерімен айналысатын оқытушылар, ұйымдар мен мамандар үшін қызықты болады.

26.01.2022 1671

Тізімге оралу