Бұл басылымда жоғары сынып оқушыларына қазақтардың көшпелі тұрғылықты жерін (киіз үй), онымен байланысты халықтық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен дағдыларын таныстыру арқылы оқу үдерісіне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған мәселелер қарастырылған. Нұсқаулық 13-18 жасар жасөспірімдерге бағытталған отбасылық тәрбиеге арналған әдістемелік құралдарды әзірлеу бойынша «Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі» жобасы аясында дайындалған.