«Ауыл» партиясы Республикалық «Auyl Jastary» жастар қанаты
БСН: 000340016769
20 филиал: Астана қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Абай облысы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, СҚО, Түркістан облысы, ШҚО, БҚО, Ұлытау облысы.
«Auyl Jastary» – «Ауыл» партиясы жанындағы жастар қанаты. Ұйымның басты миссиясы – ауылдың болашағына жауапты, білімді, еңбекқор және белсенді жас буынды қалыптастыру.
«Auyl Jastary» ауылда және қалада жүрген жастармен жүйелі жұмыс жүргізе отырып, олардың әлеуетін ашуға, кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ жастарды ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Жастардың қалаға жаппай көшуі ауылдарда кадр тапшылығының артуына және экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкелуде. Инфрақұрылымның әлсіздігі мен жұмыс орындарының шектеулілігі ауылдың тұрақты дамуына кері әсер етуде. Замандастарымыздың ауылға оралып, елге қызмет ететін жауапты, білімді және белсенді жастар қауымын қалыптастыру арқылы тұрақты дамыған, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеген ауыл құру.
Ауылдың тұрақты дамуы – білімді, еңбекқор және туған жеріне адал жастарға тікелей байланысты. Жастардың әлеуетін ашу, оларды ауылдың әлеуметтік және экономикалық дамуына бағыттау – ұйымның негізгі ұстанымы.
1. Жастар әлеуеті
Ауыл жастарының білімін,
кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамыту.
2. Еңбек және кәсіп
Жастарды еңбекке,
кәсіпкерлікке және тұрақты табыс көздеріне бағыттау.
3. Әлеуметтік даму
Ауылдың әлеуметтік өміріне жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
4. Тұрақты ауыл
Жастар арқылы ауылдың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Студенттік жастар еңбек жасақтары
Мақсаты: жастарды еңбекке баулу, маусымдық ақылы еңбекке тарту. 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде бастау алған жоба бүгінгі күні 10 бағыт бойынша өңірлерде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 897 жас жұмыспен қамтылуда.
«Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» дебат турнирі
Мақсаты: «Ауыл» партиясы өзінің 25 жылдығына орай «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» атты дебат турнирін ұйымдастырды. Бұл шара жастардың пікірталас дағдыларын дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және ауылдағы қоғамдық пікір мен белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
«Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны
2025 жылдан бастап Республикалық «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай студенттерге арналған «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» хакатоны ұйымдастырылуда. Қатысушылар өз идеяларын сарапшылар мен инвесторларға таныстыру мүмкіндігіне ие болып, қаржылай қолдау табуда.
«Мен – донормын» әлеуметтік акциясы
2026 жылдың 18 ақпанында Астана қаласында өткен республикалық «Мен – донормын!» акциясы аясында жастар арасында донорлық мәдениетті дамыту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдағы өзара көмек құндылықтарын насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында республика бойынша 500-ден астам ерікті қан тапсырды. Әрбір донор 450 мл қан тапсырды. Жалпы жиналған қан көлемі 225 литрді құрады.
«Ауладан – дастарханға» жобасы
Мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, аула шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл кәсіпкерлігін қолдау.
«Кітап – руханият өзегі» жалпыреспубликалық акциясы
«Ауыл» партиясының Жастар қанаты 2024 жылдан бастап 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай «Кітап – руханият өзегі!» республикалық акциясын ұйымдастырып келеді.
Акция аясында өңірлік филиалдар ауылдық кітапханаларға мыңдаған кітаптар сыйлап, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту бағытында жұмыстар атқаруда.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
Ауыл партиясы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын қолдап, «Таза 25 шақырым» республикалық экологиялық акциясын өткізді.
Акция барысында еліміздің барлық өңірлеріндегі жастар қатысып, 1500 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
«Шырға – Құмай тазылар жарысы»
Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Түркия, Ресей және Өзбекстаннан келген қатысушылардың басын қосқан ұлттық жарыс. Шараға 300-ге жуық қатысушы мен 150-ден астам тазы қатысты.
«Ауыл ойындары» республикалық спартакиадасы
Мақсаты – ауыл шаруашылығы мамандықтарын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, студент жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Үлкенге құрмет» жалпыреспубликалық акциясы
Акция аясында жастар жалғыз басты қарттарға, ардагерлерге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетеді.
Жасөспірімдер арасындағы республикалық футбол чемпионаты
«Ауыл жастары» жастар қанаты мен Жеке клубтар футбол лигасының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастардың спортқа қызығушылығын арттыру.
Дәстүрлі ауыл жастары форумдары
Форумдардың мақсаты – ауыл жастарын біріктіру, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру және жаңа бастамаларды қолдау.
Форумдарда белгілі саясаткерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен жастар көшбасшылары қатысып, арнайы кездесулер, оқыту семинарлары және пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.
2026 жылдың І тоқсанында жастармен жұмыс төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілді. Республика көлемінде жүздеген іс-шара ұйымдастырылып, мыңдаған жас қамтылды.
«Auyl Jastary» республикалық форумдарына 2000-ға жуық жас қатысып, олардың 80-нен астамы қоғамдық-саяси белсенділік танытып, партия қатарына қабылданды.
«Үлкенге құрмет» акциясы шеңберінде 20 өңірде 400-ге жуық волонтер жұмыс атқарды.
«Мен – донормын» акциясы аясында республика бойынша 500-ден астам жас қан тапсырды.
«AUYL JAS QUIZ» интеллектуалдық жобасы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында өткізілуде.
Студенттік құрылыс және еңбек жасақтарын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
Әлеуметтік желілердегі ақпараттық жобалар жиынтық түрде 20 миллионнан астам қаралым жинады.
«Auyl Jastary» жастар қанатына қосылу үшін ұйымның өңірлік филиалдарына немесе ресми байланыс арналары арқылы өтініш беруге болады.
Қатысушы ауылдың дамуына үлес қосуға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға және жастар бастамаларын қолдауға дайын болуы тиіс.
Қабылдау тәртібі: онлайн және офлайн.
Жас ерекшелігі: 16 жастан жоғары.
Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 18В кіреберіс, 108 кеңсе
Телефон: +7 702 955 23 23
Email: daurenrahimbek1998@gmail.com
Сайт: https://auyl.kz/kz
Instagram: @auyljastary_kz
Instagram: @auylteamkz
Instagram: @auyldynbalasykz
Instagram: @saigulik_auyl
Instagram: @qarapaimtilde
YouTube: Auyl Kelbeti