«Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ
БСН: 181140016097
Басшы: Мендығалиев Мейірбек Оразұлы
Лауазымы: Төраға
Филиалдар: ҚР бойынша 20 өңір
Басшы: Мендығалиев Мейірбек Оразұлы
Лауазымы: Төраға
Филиалдар: ҚР бойынша 20 өңір
Миссиясы
Әскери-патриоттық тәрбие арқылы патриоттық сезімді арттыру, бұл болашақта азаматтық қоғамда да, әскери қызметте де еркін бағдарлай алатын жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Vision
«Жас сарбаз» патриоттық қозғалысының алдағы уақыттағы көрінісі – елжанды, білімді, рухы биік, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосатын азаматтарды қалыптастыру.
Қозғалыс жастардың бойында патриоттық сезімді, жауапкершілікті, тәртіпті және салауатты өмір салтын орнықтыруды көздейді.
Негізгі міндеттері
«Жас сарбаз» – өскелең ұрпақты ел тарихына құрмет пен мақтаныш рухында, бүгінгі күнді прагматикалық тұрғыдан бағалай білуге және болашаққа оң көзқараспен қарауға тәрбиелейтін әскери-патриоттық бағыт. Оның ең жоғары құндылығы – Қазақстанның Тәуелсіздігі.
Қызметінің негізгі бағыттары
Білімді Жас сарбаз – білімге, тарихи танымға, шет тілдеріне және технологияларға қызығушылықты арттыру.
Саналы Жас сарбаз – адамгершілік қасиеттер, мәдени бірегейлік, татулық.
Жігерлі Жас сарбаз – спорт, дене шынықтыру, ерік-жігер.
Болашағы жарқын Жас сарбаз – патриотизм, тәуелсіздік жетістіктері.
Негізгі жобалар
«Айбын» әскери-патриоттық жиыны, «Қалқан» қысқы спартакиадасы, «Жас Сарбаз барысы» турнирі.
Ең танымал бастамалар
«Айбын» жиыны, әскери-спорттық жарыстар, саптық ән байқаулары, оқу-жаттығулар, патриоттық кездесулер және акциялар.
Нәтижелері / әсері
7 жыл ішінде қозғалыс 4 000 000-нан астам баланы қамтыған 3 000-нан астам іс-шара өткізді.
Ұйымға қалай кіруге болады
Мектеп арқылы қосылуға болады.
Қабылдау тәртібі
- сынып немесе клуб арқылы тіркелу;
- мұғалім арқылы қабылдау;
- іріктеу жүргізіледі;
- тұрақты қатысу.
Талаптар
- мектеп оқушысы болуы;
- тәртіп және үлгерім;
- медициналық шектеулердің болмауы;
- қатысуға дайын болуы;
- ережелерді сақтау.
