«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ
БСН: 110740000949
Басшы: Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы
Лауазымы: Төрайым
Филиалдар: 5 филиал: Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстары, Алматы және Астана қалалары
Миссиясы
«Жас Ұлан» — жас қазақстандықтарды тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуі арқылы Қазақстанды гүлдендіруші орта.
Vision
«Жас Ұлан» – ел болашағын қалыптастыратын, әр баланың әлеуетін ашатын, патриот, білімді, жауапты және бастамашыл ұрпақты тәрбиелейтін жетекші балалар ұйымы
Негізгі міндеттері
  • Әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында оқитын азаматтардың әлеуметтік тәжірибесін байыту мен дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім және тәрбие беру жұмысын жүзеге асыру;
  • оқу, оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиет, көрнекі құралдар мен ақпараттық өнімдерді шығару;
  • коммерциялық емес әлеуметтік, білім беру, экологиялық және мәдени танымдық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • волонтерлік қызметті дамыту, ұйымдастыру.
Қызметінің негізгі бағыттары
балалар, жасөспірімдер мен жастардың бастамаларын қолдау
Негізгі жобалар
15 жыл ішінде ұйым тарапынан көптеген жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылды.
  • «C10tent» жастар телебағдарламасы
  • «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық экологиялық жоба
  • «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жоба
  • «Kieli tabigat» республикалық экологиялық жоба
  • «ReStart» интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманияның алдын алу жобасы
  • «ZhasProject» жобасы
  • Е.А. Дмитриенко атындағы медаль
  • «Көшбасшылық мектебі» және «Волонтерлік мектебі»
Ең танымал бастамалар
  • «Экоәлем»
  • «Zerdeli Bilim»
  • JasulanTeam
Нәтижелері / әсері
«C10tent» жастар телебағдарламасы 2019–2020 жылдары іске қосылды.
«Birgemiz: Taza Alem» – 1000 волонтер, 68 грант, 2000 ағаш отырғызылды.
«Birgemiz: Asyl Mura» – 1000+ волонтер, 500+ нысан зерттелді.
Экологиялық жобалар – мыңдаған оқушы қамтылды.
«ReStart» – зерттеу және цифрлық сауаттылық жобасы.
«ZhasProject» – 61 жоба.
«Fenomen jas» – 3000+ қатысушы.
«Birgemiz: Bilim» – 4000 волонтер, 10 000 адам оқытылды.
Ұйымға қалай кіруге болады
«Жас Ұлан» ұйымында екі деңгейлі мүшелік жүйе қалыптасқан. Жоғары буын – «Жас Ұлан», төменгі буын – «Жас Қыран». Мүшелік ерікті.
Қабылдау тәртібі
Салтанатты қабылдау мектептерде өтеді. Жылына 3 рет: 1 мамыр, 6 шілде, 25 қазан.
Талаптар
Жоқ, қабылдау ерікті түрде жүзеге асырылады.
Байланыс
📍 Астана, Иманов 52/1
📞 8 702 247 3498
✉ zhasulann2020@gmail.com
Instagram Telegram