«Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы «Жас Қазақ» жастар ұйымы
Басшы: Лашын Жанарбек
Лауазымы: «Отандастар қоры» КеАҚ аға менеджері
БСН: ресми тіркелмеген
Филиалдар: Астана, Алматы
Лауазымы: «Отандастар қоры» КеАҚ аға менеджері
БСН: ресми тіркелмеген
Филиалдар: Астана, Алматы
Миссиясы
Шетелден Қазақстанға оқуға келген ұлты қазақ жастардың бейімделуіне қолдау көрсету және шетелде тұрып жатқан қазақ жастардың басын қосу, Қазақстанмен байланысын нығайту.
Vision
Шетелдегі ғылым, білім, мәдениет бағытында табысты қазақ жастардың әлеуетін ел дамуында қолдану, елдегі ұлты қазақ шетел азаматы болып табылатын жастардың болашағын Қазақстанмен байланыстырып, елде қалуына ықпал ету.
Негізгі міндеттері
Мәдени-гуманитарлық, спорттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру, өзге де ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
Қызметінің негізгі бағыттары
Білім және мәдениет.
Негізгі жобалар
Отандастар қоры шетелде және Қазақстанда ұйымдастыратын іс-шаралар (жастар форумы, құрылтай, кездесу, жазғы лагерьлер), Қазақстанның Астана және Алматы қаласында өтетін дәстүрлі баскетбол, шахмат жарысы, акустикалық кештер және ақыл-ой дамыту ойындары.
Ең танымал бастамалар
«Үздік қандас» жобасы, Қандас жастар Форумы, «Otandastar Cup» баскетбол турнирі, «Otandastar Quiz» куиз байқауы, «Киелі Қазақстан» экскурциялық жобасы.
Нәтижелері / әсері
Қазақстанға жылына шамамен 4000 қандас студент оқиды. Олар көбінде Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары. Жылда оқуға келетін жастарды Қазақстандағы жастарға арналған бар мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырмыз.
Ұйымда Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар сынды қалалардан жиналған 200-ден астам белсенді бар.
Ұйымға қалай кіруге болады
ҚР азаматы болып табылмайтын, ҚР ЖОО білім алып жатқан қандас студенттер немесе шетелде білім, ғылым саласында қызмет етіп жүрген жастар немесе 16–35 жас аралығындағы ұлты қазақ шетел азаматы +7 708 903 8217 номеріне жазу арқылы қосыла алады.
Қабылдау тәртібі
Кез-келген ұлты қазақ шетел азаматы немесе көшіп келген қандастар қосыла алады.
