«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ

«Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысандағы занды тұлғалар бірлестігі
БСН: 120940015916
Басшының ТАӘ: Миронюк Татьяна Александровна
Лауазымы: Атқарушы директоры
Филиалдар: 32 желі мүшесі, 13 бастамашыл топ, 28 қала
📄 Ұйым туралы толық ақпарат
Ұйымның толық атауы (БСН және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып – РҚБ, ҚБ, ЖШС және т.б.): «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысандағы занды тұлғалар бірлестігі

БСН:120940015916

Ұйымның логотипі:

Басшының ТАӘ: Миронюк Татьяна Александровна
Лауазымы: Атқарушы директоры

Фото:

Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде): 32 желі мүшесі, 13 бастамашыл топ, 28 қала

Миссиясы: Волонтерлік қоғамдастықтың мүдделерін ілгерілету және қоғам игілігі үшін саналы волонтерлік мәдениетін қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасында волонтерлікті дамыту

Алдағы уақытта көрінісі (Vision):

Негізгі міндеттері:
Азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес сектор мен мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерліктің мәдениетін, волонтерлік бастамаларды жане волонтерлік қызметті қалытастыру, қолдау және дамыту;
— ерікті жарналар және заңмен тыйым салынбаған өзге де түсімдер негізінде мүлікті қалыптастыру және осы мүлікті ҚР қайырымдылық қызметі туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген мақсаттарға сәйкес қайырымдылық қызметін жүзеге асыру үшін пайдалану, оның ішінде:
— аз қамтылғандардың, көп балалы адамдардың, мүгедектердің және өзге де адамдардың материалдық жағдайын жақсартуды қоса алғанда, азаматтарды әлеуметтік қолдау және қорғау;
— дүлей зілзалалардың, экологиялық, өнеркәсіптік немесе өзге де апаттардың, әлеуметтік, ұлттық, діни қақтығыстардың салдарынан зардап шеккендерге, қуғын-сүргін құрбандарына, босқындарға және төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге, сондай-ақ төтенше жағдай аймақтарында материалдық көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету;
— гуманитарлық көмек көрсету.

Қызметінің негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасында волонтерлік, қоғамдық және әлеуметтік маңызды қызметті танымал ету және дамыту.
Волонтерлерді, волонтерлік топтар, ұйымдар мен қозғалыстарды рекрутингілеу, мобилизациялау, даярлау, оқыту және қолдау.
Волонтерлерді жеке және мемлекеттік жергілікті, республикалық және халықаралық науқандарға, форумдарға, сьездерге, спорт ойындарына, акциялар мен басқа іс-шараларға тарту.
Волонтерлік қызметтердің орталықтардың, лагерлердің, мектептердің, курстардың, клубтардың, командалардың және топтардың жұмысын ұйымдастыру, өткізу және қолдау көрсету.
Волонтерлік саласында әдістемелік құралдарды, оқу, ғылыми, зерттеу әдебиетін әзірлеу және тарату.
Білім беру бағдарламаларын, курстарын, орталықтарын, кітапханаларын, клубтарын, оқу-тәрбие кешендерін құру.
Волонтерлік желілер, коалициялар құру және жұмысына қатысу.
Волонтерлік қызмет пен қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлеу.
Азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдар мен бизнес сектор үшін білім беру, консультациялық және волонтерлікке байланысты басқа да қызметтерді беру.
Волонтерлік қызмет идеяларын жылжытуға мүдделі азаматтарға, үкіметтік емес бейкоммерциялық ұйымдарға, мемлекеттік органдар мен бизнес ұйымдарға жәрдем және көмек көрсету.
Волонтерлік қызметке байланысты мемлекеттік бағдарламалар, жоспарлар, заңдар, нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге қатысу.
Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметтін құқықтық алаңын қалыптастыру бойынша жұмысқа катысу.
Волонтерлік саласында халықаралық қызметтестікті дамыту, шетел волонтерлерін тарту және қазақстандық волонтерлерді шетелге жіберу, сонымен қатар халықаралық волонтерлік қозғалыстарға қатысу.
Азаматтар, азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдар мен бизнес сектор арасында волонтерлік қозғалыстың қызметі мен дамуына байналысты және әдістер және технологияларды енгізу.
Жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейлерде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, жобалар, акциялар, науқандар ұйымдастыру және өткізу.
Волонтерлік қызметке арналған баспа қызметін жүзеге асыру, ақпараттық хаттар, баспа және электрондық БАҚ, интернет сайттарын жасау.
Волонтерлікке және қоғамдық маңызды оқиғаларға байланысты тұрғындардың, азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдар мен бизнес сектордың қызметін талдау, зерттеу, бағалау және мониторинг өткізу.
Әлеуметтік және қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларға жәрдемдесу, қолдау және іске асыру.
Гуманитарлық көмек және қайырымдылық алымдарын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Бірлестіктің жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыруға жергілікті және шетелдік инвесторлар мен меценаттарды тарту.

Негізгі жобалар:
Республикалық волонтерлер фронт-офисы жобасы, Халықаралық волонтерлік орталық, Шеврон компаниясымен корпоративтік волонтерлік, SAQ жобасы, АБҚО жобалары – экология (Green Steppe), төтенше жағдайлар (Aman), жануарлар құқықтары (Kazakhstan for Animals), Республикалық “Жеңіс” жобасы, ЮНИСЕФ волонтерлік жобалары