«ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГРЕСІ» ЗТБ
Ұйымның толық атауы: «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
БСН: 021240003205
Ұйымның логотипі:
Басшының ТАӘ: ЖАНДІЛДАЕВ Бақдаулет Болатұлы
Лауазымы: Атқарушы директоры
Фото:
Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде): 5 филиал: Астана, Шымкент қалаларында, Абай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында
Миссиясы: Елдің өркендеуі үшін жастардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасау.
Алдағы уақытта көрінісі (Vision): Мемлекетке жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу және мемлекеттік институттар мен жастар үкіметтік емес бірлестіктерінің сектораралық ынтымақтастығын жолға қою.
Негізгі міндеттері:
жастар коммерциялық емес ұйымдарының қызметін үйлестіру, шоғырландыру және қолдау;
жастардың елдің қоғамдық, экономикалық және мәдени өміріне белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасау;
жастар үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеу және іске асыру;
жастар бастамаларын дамыту және қолдау.
жастар арасында еріктілік қозғалысын дамыту.
Қызметінің негізгі бағыттары:
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
— жастар жобалары мен бастамаларын қолдау;
— халықаралық ынтымақтастық саласындағы даму;
— үкіметтік емес сектор жастарын оқыту.
Негізгі жобалар:
Қазақстан Жастары Конгресі еріктілік қозғалысын, жастардың жұмыспен қамтылуын және кәсіби өзін-өзі айқындауын дамытуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және қазіргі заманғы дағдыларды дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырады. Осы бағыттар аясында Конгресс 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1300-ден астам волонтерді, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына 500 волонтерді жұмылдырды, сондай-ақ Паралимпиялық комитет пен әлеуметтік ұйымдармен бірлесе инклюзивті волонтерлік қызметті дамытуда. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елдің барлық өңірлерінің мектептерінде колледждер мен жұмыс берушілердің қатысуымен «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді, сондай-ақ креативті индустрия мен жасанды интеллект саласында дағдыларды дамыту бойынша жобалар жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Конгресс экологиялық және азаматтық-патриоттық бастамаларды іске асырады, оның ішінде «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары, Green Future жобалары бар, олар аясында ағаш отырғызу, қоқыс сұрыптау және экологиялық ағартушылық акциялары жүргізіледі. Азаматтық белсенділік саласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру семинарлары, түркітілдес елдер арасындағы халықаралық жастар алмасу бағдарламалары, сондай-ақ ұлттық спорт пен мәдениетті насихаттау жобалары ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастардың белсенді, жауапты және әлеуметтік бағдарланған тұлға болып қалыптасуына ықпал етуде.
Ең танымал бастамалар:
Нәтижелері / әсері (мысалы: 5000 жасты қамтыды; 3 жоба іске қосылды және т.б.):
Ұйымға қалай кіруге болады (мүшесі болуға болады)?
Жеке тұлғалар үшін кіру тәртібі
Қазақстан жастарының Конгресі» ОЮЛ құрамына жеке тұлға ретінде кіру үшін үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
Ұйымға мүшелікке қабылдау туралы жазбаша өтініш беру;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну;
Ұйымның Жарғысымен танысып, оның талаптарын сақтауға келісім беру;
Басқарушы органның шешімі негізінде мүшелікке қабылдану.
Заңды тұлғалар үшін кіру тәртібі
Заңды тұлғалар «Қазақстан жастарының Конгресі» ОЮЛ құрамына кіру үшін:
Ұйымға мүшелікке қабылдау туралы ресми хат (өтініш) жолдау;
Заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну;
Уәкілетті органның (мысалы, директор немесе құрылтайшылар жиналысы) кіру туралы шешімін қоса беру;
Ұйым Жарғысының талаптарын мойындау және сақтау;
Конгрестің уәкілетті органының шешімімен мүшелікке қабылдану.
Қабылдау тәртібі:
Талаптар (бар болса):
Өтінім беру сілтемелері / әлеуметтік желілер: https://www.instagram.com/jascongress/
Заңды мекенжайы: Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі 2/1
Телефон: 8-775-950-02-98
Электрондық пошта: kongresi2002@mail.ru, kongress.molodezhi.kz@mail.ru, 06122436@mai.ru
Ресми сайт: жоқ
Әлеуметтік желілерге сілтемелер: https://www.instagram.com/jascongress/
