МЕДИЦИНА ЖАСТАР

«Медицина жастар» Республикалық қоғамдық бірлестігі
Басшы: Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы
Лауазымы: Төраға
Ұйым туралы
Ұйымның орталық кеңсесі Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 21/5 үй, 2-офис мекенжайында орналасқан. Ұйым Қазақстанның 6 өңірінде өз филиалдары арқылы қызмет атқарады, Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында.
Миссиясы
Қазақстан жастарының денсаулық сақтау саласына қосатын үлесін арттыру, медициналық волонтерлікті дамыту және халықтың медициналық сауаттылығын көтеру.
Көрінісі (Vision)
Қоғамда белсенді, кәсіби және әлеуметтік жауапты медициналық жастар қауымдастығын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосатын жетекші жастар ұйымына айналу.
Негізгі міндеттері
  • Медициналық жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
  • Жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету
  • Елдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға үлес қосу
  • Волонтерлік қызметті дамыту және жастарды әлеуметтік жобаларға тарту
  • Халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру
  • Мемлекеттік бастамаларды қолдау және іске асыруға қатысу
Қызметінің негізгі бағыттары
БМҚ – Бірінші медициналық көмек және іс-шараларды сүйемелдеу. Жастарға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету, бұқаралық іс-шараларда медициналық сүйемелдеу ұйымдастыру.
МҰВ – Медициналық ұйымдардағы волонтерлік. Ауруханалар, хоспистер мен емханаларда пациенттерге көмек көрсету, медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету.
Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру, СӨС насихаттау, қан донорлығы, репродуктивті денсаулық бағыттары.
Негізгі жобалар мен жетістіктер
  • 18 000+ әлеуметтік және құқықтық кеңес
  • 2000+ волонтер даярланды
  • 16 000+ азаматқа көмек
  • 350+ акция өткізілді
  • 5000 волонтер тартылды
  • COVID-19 кезінде көмек
Ең танымал бастамалар
COVID-19, Saulyq Life, QazMed Volunteers
Ұйымға қалай кіруге болады
Ұйымға волонтер ретінде қосылу үшін онлайн өтінім беру қажет.
Өтінім беру
Байланыс
📍 Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 21/5, 2-офис
📞 +7 702 770 0096
✉ qazmedzhastary2019@mail.ru
Ресми сайт
Instagram: https://www.instagram.com/qazmed_jastary/