«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ
Ұйымның толық атауы (БСН және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып – РҚБ, ҚБ, ЖШС және т.б.): «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
БСН: 110740000949
Ұйымның логотипі:
Басшының ТАӘ: Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы Лауазымы: Төрайым
Фото:
Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде): 5 филиал: Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Алматы және Астана қалаларында
Миссиясы: «Жас Ұлан» — жас қазақстандықтарды тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуі арқылы Қазақстанды гүлдендіруші орта.
Алдағы уақытта көрінісі (Vision): «Жас Ұлан» – ел болашағын қалыптастыратын, әр баланың әлеуетін ашатын, патриот, білімді, жауапты және бастамашыл ұрпақты тәрбиелейтін жетекші балалар ұйымы
Негізгі міндеттері:
Әлеуметтік маңызды бастамаларды жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында оқитын азаматтардың әлеуметтік тәжірибесін байыту мен дамыту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім және тәрбие беру жұмысын жүзеге асыру;
оқу, оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиет, көрнекі кұралдар мен ақпараттық өнімдерді шығару;
коммерциялық емес әлеуметтік, білім беру, экологиялық және мәдени танымдық іс-шараларды ұйымдастыру;
волонтерлік қызметті дамыту, ұйымдастыру.
Қызметінің негізгі бағыттары: балалар, жасөспірімдер мен жастардың бастамаларын қолдау
Негізгі жобалар:
15 жыл ішінде ұйым тарапынан көптеген жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылды.
«C10tent» жастар телебағдарламасы
«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық экологиялық жоба
«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жоба
«Kieli tabigat» республикалық экологиялық жоба
«ReStart» интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманияның алдын алу жобасы
«ZhasProject» жобасы
Е.А. Дмитриенко атындағы «Балалар қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
Жасөспірімдерге арналған «Көшбасшылық мектебі» және «Волонтерлік мектебі»
Ең танымал бастамалар:
«Экоәлем» – балалар мен жасөспірімдердің экологиялық білімін арттыруға арналған танымдық үстел ойыны.
«Zerdeli Bilim» – балалар мен жастардың цифрлық, қаржылық, тілдік және компьютерлік сауаттылығын дамытуға арналған білім беру үстел ойыны.
«JasulanTeam» республикалық волонтерлік штабының серіктестері қатарында «Barys» хоккей клубы, «Astana» баскетбол клубы, ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті.
Нәтижелері / әсері (мысалы: 5000 жасты қамтыды; 3 жоба іске қосылды және т.б.):
«C10tent» жастар телебағдарламасы 2019–2020 жылдары «Еуразия бірінші арнасымен» бірлесіп «C10tent» жастар бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында ұйым белсенділері жүргізуші және редактор ретінде қатысып, мектеп кезеңінде журналистика саласындағы дағдыларын дамытты.
«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық еріктілер жобасы 2020 жылы Волонтер жылы аясында экологиялық еріктілікті дамытуға бағытталған жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 1000 волонтер даярланып, 68 шағын грант іске асырылды, 2000 ағаш отырғызылды, экологиялық акциялар өткізіліп, жүздеген ерікті түрлі бастамаларға қатысты.
«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы 2020 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытында жоба іске асырылды. 1000-нан астам волонтер дайындалып, олардың бір бөлігі археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. 500-ден астам нысан зерттеліп, 68 шағын грант жүзеге асырылды. Жоба қорытындысы Мемлекет басшысына ұсынылды.
Экологиялық жобалар «Жас Ұлан» ұйымы жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға белсенді үлес қосып келеді («Экоәлем» – 2019 ж., «Birgemiz: Taza Alem» – 2020–2021 жж., «Kieli tabigat» – 2021 ж.). Жобалар аясында экологиялық оқыту бағдарламалары өткізілді, үстел ойыны әзірленді, экологиялық ертегілер сериясы мен «Balapan» арнасында көрсетілген анимациялық мультфильм жасалды. Мыңдаған ағаш отырғызылып, жүздеген тонна қоқыс жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Нәтижесінде мыңдаған оқушы экологиялық білім алып, табиғатты қорғау дағдыларын меңгерді.
«ReStart» жобасы 2020–2021 жылдары интернетке тәуелділік, кибербуллинг және лудоманияның алдын алу мақсатында жоба жүзеге асырылды. Әдістеме әзірленіп, екі ірі әлеуметтік зерттеу жүргізілді және кешенді аналитикалық баяндама дайындалды. Жоба аясында мыңдаған оқушы цифрлық сауаттылық пен интернетті тиімді пайдалану дағдыларын меңгерді.
«ZhasProject» жобасы 2022 жылы Қарағанды және Ұлытау облыстарында іске асырылды. Жоба жастар бастамаларын қолдауға, әсіресе ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталды. Нәтижесінде әлеуметтік осал топтарға арналған 61 шағын жоба жүзеге асырылып, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы күшейді.
«Fenomen jas» жобасы Жоба тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастарды насихаттауға бағытталған. Екі жыл ішінде 3000-нан астам қатысушыны қамтып, 20-дан астам танымал спикер тартылды. 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылып, «Ұлы дала сарыны» сыйлығының 10 жеңімпазы анықталды (жүлде қоры – 2 млн теңге). Жоба тәжірибе алмасу, мотивация және жаңа идеяларды дамыту алаңына айналды.
«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы 2023–2024 жылдары жоба аясында цифрлық, қаржылық, тілдік және компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында 4000 волонтер даярланды. Олар 10 000-нан астам адамға (оның ішінде ауыл тұрғындарына) оқыту іс-шараларын өткізді. «100 күндік «Жастар таңдауы» марафоны ұйымдастырылып, танымдық бейнероликтер әзірленді. 2024 жылы осы жоба аясында «Zerdeli bilim» үстел ойыны жасалды.
Ұйымға қалай кіруге болады (мүшесі болуға болады)?
«Жас Ұлан» ұйымында екі деңгейлі мүшелік жүйе қалыптасқан. Жоғары буын – «Жас Ұлан» (5–10 сынып оқушылары), ал төменгі буын – «Жас Қыран» (1–4 сынып оқушылары). Мүшелікке қабылдау ерікті түрде жүзеге асырылады.
Қабылдау тәртібі: Салтанатты қабылдау рәсімі мектептерде өтеді
Ұйым қатарына қабылдау жылына 3 рет өткізіледі:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні,
6 шілде – Астана күні және «Жас Ұлан» құрылған күн,
25 қазан – Республика күні.
Талаптар (бар болса): жоқ, мүшелікке қабылдау ерікті түрде жүзеге асырылады.
Өтінім беру сілтемелері / әлеуметтік желілер: Салтанатты қабылдау рәсімі мектептерде өтеді
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Иманов көшесі, 52/1
Телефон: 8 702 247 3498
Электрондық пошта: zhasulann2020@gmail.com
Ресми сайт: —
Әлеуметтік желілерге сілтемелер:
