«Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
БСН: 021240003205
Басшы: ЖАНДІЛДАЕВ Бақдаулет Болатұлы
Лауазымы: Атқарушы директоры
Филиалдар: 5 филиал: Астана, Шымкент қалаларында, Абай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында
Басшы: ЖАНДІЛДАЕВ Бақдаулет Болатұлы
Лауазымы: Атқарушы директоры
Филиалдар: 5 филиал: Астана, Шымкент қалаларында, Абай, Түркістан, Маңғыстау облыстарында
Миссиясы
Елдің өркендеуі үшін жастардың толыққанды дамуы үшін жағдай жасау.
Vision
Мемлекетке жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу және мемлекеттік институттар мен жастар үкіметтік емес бірлестіктерінің сектораралық ынтымақтастығын жолға қою.
Негізгі міндеттері
- жастар коммерциялық емес ұйымдарының қызметін үйлестіру, шоғырландыру және қолдау;
- жастардың елдің қоғамдық, экономикалық және мәдени өміріне белсенді қатысуы үшін жағдайлар жасау;
- жастар үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- жастар бастамаларын дамыту және қолдау;
- жастар арасында еріктілік қозғалысын дамыту.
Қызметінің негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
- жастар жобалары мен бастамаларын қолдау;
- халықаралық ынтымақтастық саласындағы даму;
- үкіметтік емес сектор жастарын оқыту.
Негізгі жобалар
Қазақстан Жастары Конгресі еріктілік қозғалысын, жастардың жұмыспен қамтылуын және кәсіби өзін-өзі айқындауын дамытуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және қазіргі заманғы дағдыларды дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырады.
Осы бағыттар аясында Конгресс 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1300-ден астам волонтерді, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына 500 волонтерді жұмылдырды, сондай-ақ Паралимпиялық комитет пен әлеуметтік ұйымдармен бірлесе инклюзивті волонтерлік қызметті дамытуда.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елдің барлық өңірлерінің мектептерінде колледждер мен жұмыс берушілердің қатысуымен «Мамандықтар жәрмеңкесі» өткізілді, сондай-ақ креативті индустрия мен жасанды интеллект саласында дағдыларды дамыту бойынша жобалар жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, Конгресс экологиялық және азаматтық-патриоттық бастамаларды іске асырады, оның ішінде «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары, Green Future жобалары бар, олар аясында ағаш отырғызу, қоқыс сұрыптау және экологиялық ағартушылық акциялары жүргізіледі.
Азаматтық белсенділік саласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру семинарлары, түркітілдес елдер арасындағы халықаралық жастар алмасу бағдарламалары, сондай-ақ ұлттық спорт пен мәдениетті насихаттау жобалары ұйымдастырылады.
Бұл шаралар жастардың белсенді, жауапты және әлеуметтік бағдарланған тұлға болып қалыптасуына ықпал етуде.
Ұйымға қалай кіруге болады
Жеке тұлғалар үшін:
- жазбаша өтініш беру;
- жеке куәлік көшірмесін ұсыну;
- жарғымен келісу;
- шешім арқылы қабылдану.
Заңды тұлғалар үшін:
- ресми өтініш;
- тіркеу құжаттары;
- шешім құжаты;
- жарғыны қабылдау;
- шешіммен қабылдану.
Байланыс
📍 Астана қаласы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі 2/1
📞 8-775-950-02-98
✉ kongresi2002@mail.ru
✉ kongress.molodezhi.kz@mail.ru
✉ 06122436@mai.ru
Instagram
📞 8-775-950-02-98
✉ kongresi2002@mail.ru
✉ kongress.molodezhi.kz@mail.ru
✉ 06122436@mai.ru
