МЕДИЦИНА ЖАСТАР

«МЕДИЦИНА ЖАСТАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

  1.  Ұйымның толық атауы: «Медицина жастар» Республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ)
    БСН: 190540010259
  2. Ұйымның логотипі
  3. Басшының ТАӘ
Әбдірәш Абылайхан Әбдікерімұлы
  1. Лауазымы
Төраға 
  1. Республика бойынша филиалдардың саны (нақты қандай өңірлерде):
Ұйымның орталық кеңсесі Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 21/5 үй, 2-офис мекенжайында орналасқан. Ұйым Қазақстанның 6 өңірінде өз филиалдары арқылы қызмет атқарады, Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында
  1. Миссиясы
Қазақстан жастарының денсаулық сақтау саласына қосатын үлесін арттыру, медициналық волонтерлікті дамыту және халықтың медициналық сауаттылығын көтеру.
  1. Алдағы уақытта көрінісі (Vision):
Қоғамда белсенді, кәсіби және әлеуметтік жауапты медициналық жастар қауымдастығын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосатын жетекші жастар ұйымына айналу.
  1. 9. Негізгі міндеттері
  • Медициналық жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
  • Жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету
  • Елдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға үлес қосу
  • Волонтерлік қызметті дамыту және жастарды әлеуметтік жобаларға тарту
  • Халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру
  • Мемлекеттік бастамаларды қолдау және іске асыруға қатысу
  1. Қызметінің негізгі бағыттары
БМҚ – Бірінші медициналық көмек және іс-шараларды сүйемелдеу
Жастарға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету, бұқаралық іс-шараларда медициналық сүйемелдеу ұйымдастыру.
МҰВ – Медициналық ұйымдардағы волонтерлік: Ауруханалар, хоспистер мен емханаларда пациенттерге көмек көрсету, медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету.
Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру: Аурулардың алдын алу, гигиена, вакцинация және созылмалы аурулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Салауатты өмір салтын насихаттау (СӨС) : Спорттық және ағартушылық іс-шаралар, ақпараттық науқандар мен челлендждер ұйымдастыру.
Қан донорлығын насихаттау: Донор күндерін өткізу, қан орталықтарымен бірлескен акциялар ұйымдастыру.
Репродуктивті денсаулықты сақтау: Жыныстық тәрбие, отбасыны жоспарлау және ЖЖБЖ мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша тренингтер өткізу.
  1.  Негізгі жобалар мен жетістіктер
  • 18 000+ әлеуметтік және құқықтық кеңес көрсетілді
  • 14 өңірде «Медициналық волонтерлер мектебі» ашылып, 2000+ волонтер даярланды
  • 16 000+ азаматқа көмек көрсетілді (оның ішінде хоспистер мен онкодиспансерлерде – 1000 адам)
  • 350+ қоғамдық маңызы бар акция өткізілді
  • «Birgemiz: Saýlyq» ұлттық жобасы (2021–2025): 17 өңірлік фронт-офис, 5000 волонтер тартылды
  • 90 шағын грант бөлініп, 9000+ адам қамтылды
  • COVID-19 пандемиясы және Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде белсенді көмек көрсетілді
  • 2020–2024 жж. «Жыл еріктісі» халықаралық байқауының жеңімпаздары
  1. Ең танымал бастамалар
COVID-19 – елдегі пандемия кезінде халыққа медициналық көмек көрсету;
Saulyq Life – жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау;
QazMed Volunteers – Қазақстанда медициналық волонтерлікті дамыту.
  1. Нәтижелері / әсері
Ұйым мыңдаған жасты волонтерлік қызметке тартып, халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға және денсаулық сақтау саласына нақты үлес қосып келеді.
  1. Ұйымға қалай кіруге болады
Ұйымға волонтер ретінде қосылу үшін онлайн өтінім беру қажет.
  1. Қабылдау тәртібі
qazmed-digital.kz сайтында сауалнаманы толтыру арқылы өтінім қалдырылады.
Өңірге байланысты жергілікті координаторлар байланысқа шығып, сұхбат жүргізеді.
  1. Талаптар
14 жастан жоғары азаматтар
  1. Өтінім беру сілтемесі
https://qazmed-digital.kz/be_volunteer/kz.html
  1. Заңды мекенжайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 21/5, 2-офис
  2. Телефон:+7 702 770 0096
  3. Электрондық пошта: qazmedzhastary2019@mail.ru
  4. Ресми сайт: https://qazmed-digital.kz/kz.html
  5. Әлеуметтік желілер
Instagram: https://www.instagram.com/qazmed_jastary/