Жастардың даму индексі

Жастардың даму индексі

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазақстандық Жастардың даму индексін жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

Өткенге көз жүгіртсек, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастарға мейірімді мекен» жастардың әл-ауқат индексін әзірледі. Осы әдіснаманы мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.


Қазіргі таңда қазақстандық Жастардың даму индексін жетілдіру мақсатында ұсыныстар қабылдау жүргізіліп жатыр. Индекстің алдын-ала әдіснамасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.


Егер де сіздің индексті жетілдіріп дамыту бойынша ұсынысыңыз немесе ой-пікіріңіз болса, қазақстандық жастардың жағдайын жақсартуға өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, оларды электрон хат күйінде jroaqb@eljastray.kz поштасына жібере аласыз.

Біз үшін сіздің пікіріңіздің айрықша маңызы бар!