Бұл талдамалық баяндама Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген «Шекара маңындағы өңірлердегі жастардың оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері» атты әлеуметтанулық зерттеу нәтижесіне негізделген. Баяндама шекара маңы өңірлердегі жастар арасындағы оқу және еңбек көші-қонының ауқымы мен үрдісін зерттеу нәтижелерін қамтиды.
Көші-қонды басқару саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, қалың жұртшылыққа, көші-қон саясаты саласындағы сарапшыларға, зерттеушілерге, осы тақырыппен айналысатын мамандарға және барлық мүдделі тарапқа ұсынылады.