Зерттеулер
«Жастар саясаты саласындағы стратегиялық құжаттарды əзірлеу жəне іске асыру бойынша халықаралық тəжірибе» баяндамасы, 2020

«Жастар саясаты саласындағы стратегиялық құжаттарды əзірлеу жəне іске асыру бойынша халықаралық тəжірибе» баяндамасы, 2020

Доклад «Международный опыт по разработке и реализации стратегических документов в сфере молодежной политики», 2020

«Жастар саясаты саласындағы стратегиялық құжаттарды əзірлеу жəне іске асыру бойынша халықаралық тəжірибе» баяндамасы Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша əзірленді.

Жастар саясаты кез келген мемлекеттің дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жастар ортасында əлеуметтік процестерді болжау жəне реттеу үшін жастар саясатын халықаралық жəне ұлттық деңгейлерде іске асырудың практикалық тəсілдерін талдамалық тұрғыдан түсіну ерекше маңызды болып табылады. «Жастар саясаты саласындағы стратегиялық құжаттарды əзірлеу жəне іске асыру бойынша халықаралық тəжірибе» баяндамасы осы мақсатта əзірленді. Ол жастар өмірінің маңызды салаларындағы түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүйелі түрде талдауды білдіреді. Баяндама соңғы ғылыми зерттеулер, халықаралық ұйымдардың ресми статистикалық материалдарын талдау, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы халықаралық стратегиялық құжаттар негізінде əзірленді. Ұсынымдар мен ұсыныстарды, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы стратегиялық бағыттар мен жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық тəжірибені талдауды Қазақстан жастарына бағдарланған мемлекеттік жəне өзге де бағдарламаларды əзірлеу кезінде қолдануға жəне іске асыруға болады.

19.02.2020 2080

Тізімге оралу