Баяндамада Қазақстан Республикасы жастары арасындағы қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу бойынша жүргізілген эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеу қорытындылары ұсынылған. Зерттеуді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізді. Зерттеу барысында ел жастарының әлеуметтік әл-ауқаты, азаматтық белсенділігі, діни көзқарастары сияқты мәселелер қарастырылды.