Бұл баяндамада қазақстандық жастардың құндылықтары мен құндылық бағдарларын анықтау бойынша жүргізілген эмпирикалық әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері мазмұндалған. Зерттеуді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тапсырысы бойынша жүргізді. Баяндамада қарастырылған негізгі тақырыптар – ел жастарының әлеуметтік ахуалы, отбасылық құндылықтар, қазақ жастарының төзімділік деңгейі, саяси және діни құндылықтар, салауатты өмір салты ұстанымдары және т.б.