Жобалар
Астана қаласында жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған Кәсіби даму академиясы аясындағы семинар-тренингтер өз мәресіне жетті

Астанада 18-29 қыркүйек аралығында облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары ағымдағы сұраныстарға сай, өзекті оқыту бағдарламасынан өтті.

Семинар-тренингтер барысында қатысушылар түрлі деңгейдегі тақырыптар аясында білімдерін шыңдады, атап айтқанда: шешендік шеберлік, жеке тиімділік техникасы, ойлау дизайны, жобаны басқару. Сондай-ақ оқыту шеңберінде жастар ресурстық орталықтарының БАҚ-пен ынтымақтастық орнатудың тиімді жолдарына, жастарға лудомания және репродуктивті денсаулық салаларында кеңес беру дағдыларына назар аударылды.

Кәсіби даму академиясы жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі дамыту мен мамандардың жеке дамуына бағытталған.

Марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Баймульдинов Қайрат Дүйсенбайұлы қатысты. Ол іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, ЖРО қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі оқыту семинарларына қатысуы әріптестермен өзара тәжірибе алмасуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

29.09.2023 242

Тізімге оралу