«Jastarǵa – Bilim» республикалық жобасы

«Jastarǵa – Bilim» республикалық жобасы

Республиканский проект «Jastarǵa – Bilim»

«Jastarǵa – Bilim» республикалық жобасы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО әрбір негізгі бағыт шеңберінде жастарға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. 

1. Жобаның мақсаты – жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде бейресми білім беру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал ету.

2. Іске асыру мерзімі: 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап – жыл бойы.

3. Жобаның географиясы: жобаға барлық облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қатысады

4. Қатысушылар: 14-28 жас аралығындағы жастар, қатысушылардың кемінде 30%-ы халықтың осал топтарынан (NEET-жастар, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар және басқалар) болуы тиіс).

5. Онлайн іс-шараларды өткізу алгоритмі:

5.1. Келесі онлайн білім беру бағдарламаларын апта сайын (аптасына кемінде 1 рет) ұйымдастыру және өткізу:

1) MyOwnConference вебинарлық платформалар арқылы вебинарлар, webinar.fm, zoom.us және т.б. - әрбір вебинардың ұзақтығы кемінде 1,5 сағат;

2) әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы онлайн мастер-кластар (Instagram, Facebook, YouTube және т.б.) – әрбір мастер-кластың ұзақтығы кемінде 1 сағат;

3) zoom.us және т.б. платформалар арқылы онлайн тренингтер мен лагерлер - әрбір іс-шараның ұзақтығы кемінде 3 күн (күніне 2-4 сағаттан).

5.2. Білім беру бағдарламалары келесі тақырыптар бойынша жүргізілуі керек:

1) өмірлік маңызды дағдылар мен құзыреттерді дамыту (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т.б.);

2) волонтерлік қызметті дамыту;

3) цифрлық және медиа сауаттылықты арттыру;

4) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;

5) құқық қорғау органдары, заңгерлер және медиаторлар өкілдерімен бірге құқықтық сауаттылықты арттыру;

6) жобаларды басқару;

7) ЖРО психологтары мен шақырылған білікті психологтардың қатысуымен психологиялық тренингтер мен сабақтар өткізу;

8) жастардың сұраныстары мен қызығушылықтары және ЖРО жұмысының бағыттары бойынша басқа да тақырыптар.

5.3. Білім беру іс-шаралары бейресми білім берудің негізгі қағидаттарына сәйкес келуі керек - бағаланбайтын орта, бір деңгейдегі коммуникация, ерікті және белсенді қатысу, тәжірибе арқылы оқыту, тұтас (холистикалық) тәсіл, топтық процеске бағдарлану және ерекше орта.

5.4. Білім бағдарламаларын жазып алып, кейіннен ЖРО-ның жеке Youtube арнасына орналастыруға болады (әрбір ЖРО-ның өз арнасы болуы мүмкін).

5.5. Материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау кезінде бірыңғай #JastarǵaBilim хэштегін қолдану.

17.02.2021 176

Тізімге оралу