Баспасөз хабарламалары
«Gylym jáne Bilim – 2025» конференциясы аясында Қазақстандағы және халықаралық дамудағы жастардың рөлі талқыланған ғылыми пікірталас өтті

«Gylym jáne Bilim – 2025» конференциясы аясында Қазақстандағы және халықаралық дамудағы жастардың рөлі талқыланған ғылыми пікірталас өтті

Научная дискуссия о роли молодежи в национальном и международном развитии прошла в рамках конференции «Gylym jáne Bilim – 2025»

«Gylym jáne Bilim – 2025» конференциясы аясында Қазақстандағы және халықаралық дамудағы жастардың рөлі талқыланған ғылыми пікірталас өтті

Астана, 2025 жылғы 16 сәуір – XX Халықаралық «Gylym jáne Bilim – 2025» ғылыми конференциясы аясында «Қазақстандағы және халықаралық дамудағы жастардың рөлі» тақырыбында пәнаралық ғылыми пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті аймақтану кафедрасымен бірлесіп өткізді.
Жиынның мақсаты – жастардың тұрақты даму, халықаралық ынтымақтастық және жаңа зерттеу күн тәртібін қалыптастыру үдерістеріне қосатын үлесін ғылыми тұрғыдан қарастыру. Оған ел ішіндегі және шетелдік түрлі академиялық мекемелерден келген студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты.
Пікірталасты аша отырып, «Жастар» ҒЗО директоры Олжас Бейсенбаев жастар бастамаларын жүйелі түрде қолдаудың және оларды қолданбалы әлеуметтану мен саяси зерттеулерге кіріктірудің стратегиялық маңызын атап өтті. Ол орталықта студенттер мен магистранттарға арналған тұрақты тағылымдамалар ұйымдастырылатынын, онда олар эмпирикалық деректермен жұмыс істеуді, талдамалық жобаларға қатысуды, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу мен мониторингілеуге ат салысуды меңгеретінін тілге тиек етті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті деканы Мирас Қосыбаев өзінің алғы сөзінде жастарды ғылыми әрі қоғамдық маңызы бар қызметке тартуға ықпал ететін зерттеу инфрақұрылымын нығайту қажеттілігіне назар аударды.
Сондай-ақ аймақтану кафедрасының меңгерушісі Айгерім Оспанова мен шығыстану кафедрасының меңгерушісі Гүлнара Бірімқұлова алғы сөз сөйлеп, жас зерттеушілерді ғылыми қоғамдастыққа кіріктіру мен пәнаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін көпплатформалы академиялық кеңістік құрудың өзектілігін атап өтті.
Пікірталас барысында 25 қатысушы цифрлық көші-қон жағдайындағы жастардың тұлғалық ерекшеліктерінің өзгеруі мен саяси субъектіліктің артуынан бастап халықаралық дипломатия, шекаралық ынтымақтастық пен ғылыми дипломатия мәселелеріне дейінгі ауқымды тақырыптарда баяндама жасады. Бұған қоса, орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында жастардың халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл перспективалары жан-жақты талқыланды.
Баяндамаларда Қазақстанның Франция, Малайзия, Түркия және басқа да бірқатар мемлекетпен өзара қатынастарының бағыттары сараланып, халықаралық күн тәртібі шеңберіндегі ғылыми талдау аясы одан әрі кеңейе түсті.
Іс-шара соңында жастардың мемлекеттік саясаттың объектісі ғана емес, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәселелерді шешуге инновациялық идеялар ұсынуға қабілетті белсенді субъект екендігі расталды. Мұндай іс-шаралар тұрақты көлденең ғылыми байланыстарды нығайтып, көпшілік алдында сөз сөйлеу, зерттеу позицияларын дәлелді түрде ұсыну және конструктив ғылыми диалог құру дағдыларын дамытады. 

16.04.2025

Возврат к списку