Баспасөз хабарламалары
Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

Сарапшылар «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылады

2025 жылғы 8 сәуірде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, ғылыми ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Талқылауды ашқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында жастардың дамуы мен шыңдалуы үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Ол басқарушылық шешім қабылдауда жастардың өзекті қажеттіліктерін ескерудің маңыздылығына тоқталып, ұлттық баяндаманы жас ұрпақ дамуының негізгі үрдістерін талдаудағы басты құрал ретінде атап көрсетті.

председатель Комитета по делам молодежи и семьи Министерства культуры и информации РК Кайрат Камбаров

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Олжас Бейсенбаев ұйымның алдағы қызмет жоспарларын бөлісіп, баяндаманың жаңа құрылымы жобасын таныстыра отырып, «қазіргі уақытқа дейін орталық 12 ұлттық баяндама, 160 отандық сарапшымен бірлесіп 42 талдамалық баяндама шығарды. Әлеуметтанулық зерттеулер барысында 44 мыңнан астам жас респондент қамтылды. Сонымен қатар 53 әдістемелік материал әзірлеу арқылы жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін арттыруға үлес қостық», – деп атап өтті.

Директор Научно-исследовательского центра «Молодежь» Олжас Бейсенбаев

Спикерлер қатарында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, PhD докторы, Жас сарапшылар клубының тең төрағасы Эльмира Отар, «Экономикалық зерттеулер институты» Өңірлік зерттеулер және өмір сүру сапасы орталығының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова, сондай-ақ «Esbol Qory» қорының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Жандос Ақтаев сөз сөйлеп, жастар арасындағы өзекті мәселелерді атап өтіп, зерттеу жұмыстарын күшейтуге бағытталған сарапшылық ұсыныстарын ортаға салды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты әрі ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Динара Наумова жас азаматтардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударып, NEET санатындағы жастардың мәселелері мен қажеттіліктерін кешенді түрде зерттеуге шақырды.

Талқылау барысында MNU қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Оксана Возняк, Mind ғылыми-сараптамалық орталығының сыртқы саясат және халықаралық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі, MNU Басқарма төрағасының кеңесшісі Мирас Жиенбаев, «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиева, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Ксенофобия мәселелерін зерттеу орталығының директоры Аяулым Сағынбаева, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова да өз пікірлерін білдірді.

P2744179.jpg

Олармен қатар республикалық жастар ұйымдары мен өңірлік жастар саясаты басқармаларының өкілдері де көзқарастарын бөлісті.

Саралай келе, сарапшылар «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы барлық деңгейде жастар саясатын зерттеп, іске асырумен айналысатын мамандар үшін маңызды бағдар деген бірыңғай пікір білдірді. Талқылау соңында қатысушылар жастарға арналған жобаларды өңірлік және республикалық деңгейлерде ғылыми-талдамалық қолдауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы 2013 жылдан бері «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жыл сайын дайындалып келеді. Осы кезеңде баяндаманың 12 шығарылымы жарық көрді. Орталық – ел жастарының әлеуметтік жағдайы мен көңіл-күйін жүйелі түрде зерттейтін жалғыз институт.



09.04.2025

Возврат к списку