Баспасөз хабарламалары
«Жастар» ҒЗО директоры «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастар форумына қатысты

«Жастар» ҒЗО директоры «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастар форумына қатысты

Директор НИЦ «Молодежь» принял участие в казахско-узбекском молодежном форуме «Мост дружбы»

«Жастар» ҒЗО директоры «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастар форумына қатысты

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Түркістан облысында «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастар форумы өтті. Халықаралық форумның негізгі мақсаты жұмысшы мамандықтарының дамуын талқылау, кәсіптік білім беру мен жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер мен болашағы бар бағыттары қарастырылды.

«Жастар» ҒЗО директоры Олжас Бейсенбаев форумның модераторы болды. Ол өзінің сөзінде кейінгі зерттеу мәліметтеріне сүйеніп, 2035 жылға қарай еңбек нарығына қосылатын жастар саны 2 миллионға жуықтау мүмкін деп мәлімдеді. Ол қазірдің өзінде жаңа мамандықтарға бағыт беретін нақты әрі жүйелі шешімдер қабылдаудың маңызды екеніні атап көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, осыған ұқсас демографиялық және еңбек нарығындағы өзгерістер Өзбекстанды да алаңдатуда.

Форум барысында қатысушылар еңбек нарығына жасанды интеллекттің ықпалын ерекше атап өтті. Жастар жұмысшы мамандықтарының жаңа технологияларға бейімделуі, еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстаннан мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші мамандар, белсенді азаматтар мен жас кәсіпкерлер қатысты. Қонақтар қатарында Омонов Шахзод, Холикова Нилуфар, Джураева Ирода және Тоиров Азизбек болды.



15.03.2025

Возврат к списку