Баспасөз хабарламалары
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесу өтті

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесу өтті

В Научно-исследовательском центре «Молодежь» состоялась встреча  с магистрантами Академии государственного управления

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесу өтті

5 наурыз күні «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар орталықтың негізгі қызметімен және жастар саясаты саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен танысты. Әсіресе, жастардың өміріне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды талдау мен оларды тиімді мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуде қолдану маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Орталық өкілдері шешім қабылдау тәжірибесінде қолданылатын талдамалық және әдістемелік материалдарды ұсынып, Қазақстандағы жастар саясатының өзекті мәселелері мен болашағына қатысты зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік деректердің жастарды қолдау шараларын әзірлеуде практикалық маңызы кеңінен талқыланды.

Магистранттар орталыққа алғыстарын білдіріп, алынған материалдардың олардың білімдерін тереңдетуге және болашақ кәсіби дағдыларын дамытуға көмектесетінін атап өтті.

06.03.2025

Возврат к списку