Стратегиялық талдау және мемлекеттік басқару саласындағы сараптамалық әлеуетті дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасының түлектерін құттықтаймыз!
Сегіз аптаға созылған курсты сәтті аяқтағандардың қатарында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Амуртаева Камила Маратқызы және Әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасының сарапшысы Арғынбаева Жанар Жұмағалиқызы да болды. Орталық қызметкерлері білімін тереңдетіп, командалық баяндамалар бойынша жұмыс істеп, тәжірибелі тәлімгерлерден кеңес алды.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысушылардың баяндамаларының жоғары дайындық деңгейін атап өтті.
«Талдау мектебі» – елімізде талдауды дамытуға және кәсіби сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жоба.