ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Бейсенбаев Олжас Түсүпбекұлы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды.
О.Т. Бейсенбаев мемлекеттік қызмет, білім беру және ғылыми зерттеулер саласында бай тәжірибеге ие. Түрлі жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратында, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ «ҚазАқпарат» ХАА-да, Назарбаев Университетінде және Қазақстандық қоғамдық даму институтында талдаушы болып жұмыс істеді, онда талдаушы-менеджерден басқарма төрағасының орынбасарына дейінгі мансап жолынан өтті.
О.Т. Бейсенбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавриат білім беру бағдарламасын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратура бағдарламасын, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде PhD докторы дәрежесін алды.
О.Т. Бейсенбаев Президенттік жастар кадр резервінің (2021 ж.) және ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі. Ол отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.